Алтыншы сынып оқушысы шекара бұзған азаматты ұстауға көмектесті 

0
231

Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Достық» шекара заставасының жасағы екі Өзбекстан азаматын мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін ұстады, деп хабарлайды

Оларды құрықтауға Ынтымақ елді мекеніндегі С.Айни атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Мұстафа Әбдікәрімов көмектесті. Мектеп оқушысы белгісіз адамдар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткенін көре салысымен шекарашыларға хабар беріпті. Соның арқасында жасақ оқиға орнына дер кезінде жеткен.

Жауап алу кезінде Өзбекстан азаматшасы жерлесіне шекараны заңсыз жолмен кесіп өтуге көмектеспек болғаны анықталды.

ҚР ҰҚК ШҚ 2020 әскери бөлімінің командирі, подполковник Бауыржан Әбсаматов оқушыға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты шара барысында бөлім басшылығы мектеп директорына, сынып жетекшісі мен оқушының өзіне грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Сонымен қатар, баланың ата-анасы Бақтияр мен Маржангүл Әбдікәрімовтер марапатталды.

Шекара жасағының әскери оркестрі мектептің акт залында концерт өткізді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз