Сақау да, саңырау да — адам бойындағы табиғи кемшіліктер болып табылады екен. Бірақ, біз ол үшін ол адамдарды кемсітпегеніміз жөн шығар?! Сақау адамдар айта алмайтын әрпін жасыру үшін, әртүрлі тәсілдер қолданады. «Р» әрпін айта алмайтындар, сол әріпті қолданбауға тырысады. Саңыраулар, естімеген сөздерін ым арқылы түсіндіріп жатады…

Сол сияқты, өнер, спортшы адамдарының да талант арқылы елден ерек болуы заңдылық. Ол сол өнердің бесаспабы болуы әбден мүмкін. Бірақ, заңгер болуы немесе заң шығаратын органда болуы, сақаудың айта алмайтын әрпін жасырғандай әсер етпейді ме, — деген ой келеді. Себебі, қаржылық, экономикалық, заңгерлік, халықаралық қатынастардан, әлеуметтік — экономикалық жүйеден хабары жоқ адам заң шығарғаны, тракторист пен агрономның ота (операция) жасағанындай әсер ететіні шындық!
Саңылауы жоқ жерден жарық та түспейді!
«Халық қалаулысы» деген атқа, халықтың мұң — мұқтажын жоқтай алатын, халыққа қажет заң шығара алатын адамның болғаны, сол азаматтың өзіне де, халыққа да пайдалы деген ізгі ой ғана еді.
P.S. Жақында бір шет елдік сараптамалық бағдарлама оқып, онда тіпті жезөкшеге дейін депутат болып, елді дағдарысқа ұшыратқаны жайлы жазылыпты. Мемлекет аяғына нық тұру үшін заңды жақсы білетін адамдардың заң шығарғаны абзал деген екен….(Калигула атын сенатор сайлап жібергенін еске түсіреді)
Советқазы Нұрсиланың фэйсбуктағы парақшасынан
Ескерту: автордың көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді
http://ult.kz/?p=14936