Жоғалып кеткен 23 жастағы студент өлі күйінде табылды

0
210

 

Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы студент өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«10 ақпанда шамамен 22.00-да Астана қаласының ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында із-түссіз жоғалып кеткен 1992 жылғы Е.О.Әубәкіровтің мәйіті табылды. Қылмыстық заңбұзушылық жасады деген күдікпен үш адам ұсталып, қаладағы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады елорда ІІД өкілдері.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді.
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/events/astanada-jogalyip-ketken-23-jastagyi-student-ol-kuynde-267933/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз