Назарбаев зейнетақы қорындағы ақшаны жұмсауға рұқсат етті

23
227

Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы қорындағы ақшаны жұмсауға рұқсат етті. 1 триллион 450 миллиард теңге үй салу мен маңызды мемлекеттік шаруаларға бөлінетін болды.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ақордада министрлер кабинетін түгел жинаған президент экономикадағы ахуал мен теңге бағамының өзгеруін ескере отырып, осындай шешім қабылдағанын айтты.

«2014 жылмен салыстырғанда,мұнайдың бір баррелі 115 болды. Жылдың аяғында төмендеді. Былтырғы жылдың қаңтар айында 60-қа жақын болды. Биыл қаңтар айында 30-дан кем болды. Соңғы 15 жылдың ішінде мұндай баға болған жоқ. Екі есе төмендеуіне байланысты,біздің экономикада сезбей қоймайды. Сондықтан тағы да жедел шара қолданып, биылғы жылдың жағдайын ойлауымыз керек», – деді Назарбаев.

Зейнетақы қорындағы ақшаның 100 миллиарды «Бәйтерек » холдингі мен «ҚазАгроға» бөлінбек. Мол қаржы тиімді жұмсалса, экономиканың өсімін 1 пайызға көбейтпекші. Енді елімізде құрылыс қарқын алуы тиіс. Себебі Назарбаев баспана салуға 360 миллиард бөлуді тапсырды. Оның ішінде 53 миллиард арендалық үй салуға, 97 миллиард жеке құрылыс компанияларына аударылмақ. Бірақ қаржыны кейін қайтаруы керек. 22 млрд теңге салымшыларға несиеге берілуі тиіс.

Миллиардттар сауатты жұмсалса, биыл 1 жарым миллион шаршы метр үй тұрғызылады. Сонымен қатар «Нұрлы жол» аясындағы жобаларға қосымша 76 миллиард жұмсалады. 28 миллиардқа жаңа 42 мектеп тұрғызып, құлағалы тұрған білім ордалары мен үш ауысымды оқу жүйесін алып тастау жоспарланып отыр. Бұдан басқа қаржы энергетика мен ауыл шаруашылығына да көптеп бөлінетін болды.

«Осы бағдарлама аясында әсіресе тұрғын үй жобасын кеңінен қолдану кеңінен тұрғызу қаралатын болады. Маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қолымызға алған әрі қарай жалғастыруымыз қажет. Экономиканың негізгі салаларын және шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстары әрі қарай қарқын беріледі. Қолдау көрсетіледі. Азаматтарға жұмыс беру мәселесі сол жерде шешілуі керек деп ойлаймын», – деді президент.

 

Дереккөз: КТК арнасы

23 ПІКІРЛЕР

  1. Зейнетақы қорындағы қаражаттың болашақтағы жоспарлар үшін жұмсалып жатқанын түсініп отырмын. Ақшаның керекті жерлерге ысырапсыз үнеммен қолданылғанын қалар едік. Болашақты бүгіннен бастап құрғанымыз дұрыс-ақ!

  2. Зейнетақы қоры түгелімен емес, тек біл бөлігі ғана жұмсалады. Ал кейін ол табыс қосылып қайтарылатынын ұмытпауымыз қажет. Бұл қарапайым әлемдік тәжірибе.

  3. Дұрыс шешім қабылдады деген ойдамын, өйткені дағдарысқа қарсы шараларды жедел түрде қолдану керек

  4. Елбасы бұған дейін зейнет ақы қорындағы ақшаға ешкім тіспейді деген қайда? иа түсінікті әрине жарты бөлігі болсын қолдансада орынды жерлерге кетседе ақшаны дұрыс жұмсайды деген ге сену қиын

  5. Алтын көрсе періште жолдан таяды дейді Елбасының айтқан тапсырмаларын орынды әрі дұрыс істейді ма екен

  6. Дағдарысқа байланысты жұмыссыз қалғандардың саны көбейіп келеді енді міне зейнет ақы қорындағы ақшаны қолданып жатырқ болашағымызға байланысты қолданып жатырқ дейді шындық та болар бірақ орынды қолданса екен сол ақшаны

  7. Елбасымыз не істесе де елінің болашағы үшін жасап жатыр. Зейнетақы қорынан бөлінген қаражат қайта қайтарылады. Сондықтан зейнеткерлердің ақысын жеп жатыр деп ойламау керек)

  8. Зейнетақы қорындағы қаражат қажетті салаға жұмсалып отыр және уақыт өткен соң қаражат қайтарылады. Сондықтан бұл дұрыс амал деп ойлаймын.

  9. Зейнетақы қорындағы қаражат қажетті салаға жұмсалып отыр және уақыт өткен соң қаражат қайтарылады. Сондықтан бұл дұрыс амал деп ойлаймын.

  10. Бұған еш қарсылығым жоқ. Халықтың жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалып отыр.

  11. Азамттарға қол жетімді тұрғын уй алуға және жұмыспен қаматамасыз етуге жұмсалып отырған қаражат. Меніңше дұрыс шешім сияқты.

  12. Зейнетақы қоры азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту үшін жұмсалып отыр.

  13. Слышал новость! думаю это хорошо что деньги в обороте и надеюсь страховка будет

  14. Бастысы тиісті қаржы өз діттенеген жеріне жетесе игі. Бұл жұмыстарды да Елбасы қатаң бақылауға аларына сенемін.

  15. Қазіргі уақытта колданылып жатқан шаралар болашағымыздың ертеңінде жақсы нәтижеге акелсе екен

  16. Бұл жерде жұмсау емес ел игілігі үшін қолданылыпы жатқан шара деп түсінгенімізі абзалырақ болады.

  17. Қаражат тұра берсе құнсыздана береді. Қайта осылай айналымға салғаны дұрыс та шығар. Кейін еселеніп қайтып келер. Бүкіл әлемде кризис болып жатыр, бәрі тығырықтан шығатын жол іздеуде. Біз шетелден арыз алғанша өзімізден алайық та

  18. Бұл шара қордың құнсыздануынан бізді сақтандырады. Ақшаның жұмыс істеп пайда әкеліп отырғаны дұрыс бәрімізге де.

  19. Инвестициялық табыс алып, жиналған қордағы сомманың үлкейетіні анық. Себебі тартымды және табысты салаға инвестицияланып отыр

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз