Instagram желісінде ең бай қазақ жігіт атанған Димаш Әділет жайлы не білеміз?

0
492

Ағылшындардың «Instagram желісіндегі ең бай балалар» тізіміне енген қазақ жігіті Димаш Әділет отандастарының да қызығушылығын оятты. Мақала шыққалы бері, оның Instagram парақшасындағы жазылушылар саны бірнеше есеге артқан деп хабарлайды Baistars.kz.

Сымбатты отандасымыз жайлы толық ақпаратты білгісі келетіндердің қатары көбейгендіктен, Baistars.kz Димаш Әділет жайлы аз-маз ақпарат ұсынып, оның парақшасындағы 10 үздік суретінің топтамасын жасады.

Димаш Әділет Алматыда туылғанымен, 11 жасында Швейцарияның Женева қаласына оқуға аттанады. Сонымен қатар, АҚШ-та да білім алады. Бүгінде Димаш Женевада білім алып жатыр. Алайда Алматыға жиі келіп тұрады.

Димаш Instagram-ға 4 жыл бұрын елмен бірге тіркеліп, біртіндеп жазылушыларының саны көбейе бастағанын байқаған. Осы үрдісті ол өз пайдасына асыруды ойлайды. Орыс және ағылшын тілдерінде жазбалар салып, сапалы суреттер жариялауды қолға алады.

Бүгінде ол түрлі шаралардың құрметті қонағы және жарнама роликтеріне түсуге де көптеп шақырту алатын болған.

Дегенмен Димаш Әділет психология және бизнесті басқару мамандықтарын игерген. Психология оның жеке қызығушылығы, оқитын кітаптарының 70 пайызы психология жайлы. Димаш оқырмандарына да үздіксіз білім алуды, өзін өзі дамытуды насихаттайды.

Көп қызды мазалайтын сұрақ оның жеке өміріне қатысты. Димаш оң қолына неке сақинасына ұқсас сақина тағып жүргенімен, үйленбегенін және басы бос екенін айтқан. Отбасын құруға ең ыңғайлы жас — 28 деген.

Сыртқы келбетін қалай күтетініне байланысты сұраққа, Димаш душ қабылдау мен қырынудан кейін жағатын кремді пайдаланатыны болмаса, ешқандай артық процедуралар жасамайтынын жеткізген. Ол, тіпті ешқашан маникюр, педикюр, депиляция да жасатпаған көрінеді.

Сыртынан өте салмақты көрінетін Димаш, #DontJudgeChallenge флеш-мобына түсіп, өзі жайлы стереотиптерді жоққа шығарды. Ол да ел қатарлы көңіл көтеріп, қоғамдық мәселелерге салмақты қарайтынын жеткізді. Флеш-мобтың мақсаты адамды сыртқы түр-сипатына қарап бағаламауға шақыру. Димаш та мұны қолдайды.

Барлық ер-жігіт сияқты Димаш Әділет те қымбат автокөліктерді жақсы көреді. Әлбетте, мұндай қызығушылығын іске асыруға оның қауқары да, байлығы да жеткілікті.

Қандай қыздар ұнамайды деген сұраққа, Димаш, темекі шегетін, мөлшерін білмей ішімдік ішетін және боқтап сөйлейтін, слэнг сөздерді көп қолданатын қыздар ұнамайды деп жауап берген. Сонымен қатар, қыз баласы өзін күтіп, спортпен шұғылданғаны дұрыс дейді ол.

Өмірлік принципі — дәл осы мезетте өмір сүру.

Димаш Әділет 17 мамырда туылған, жұлдыз белгісі — Торпақ. Бәрінен бұрын иті Софиді жақсы көреді.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз