Орамал таққан мұғалім қыз басшылықтан қысым көріп жатыр

0
233

Ақтөбеде намазға жығылған балабақша қызметкері меңгерушінің қысымына ұшырады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

№ 38 Әлем балабақшасының меңгерушісі музыка сабағынан беретін қызметкеріне: «Орамалды шешесің немесе жұмыстан шығасың», – деп талап қойған.

Жылап, көмек сұраған балабақша қызметкері жағдайын баяндады. Жақында намазға жығылған музыка мен би сабағынан беретін қызметкер басшылық тарапынан қысымға ұшырағанын айтады.

«Ұзын белдемше киме, басыңа тартқан шалмаңды (тюрбан) шеш. Сенің оқушылар алдына ұзын белдемшемен келгенің керек емес. Тым жақсы болып жүріп, не болып кеттің? Үстіңдегі киімдерді шешкіземін деді. Білмеймін, мен ешкімге қастық қылып жатқан жоқпын. Тек, Алла алдындағы бес уақыт парызымды өтегім келеді. Шу жасап, ешкімге қастық қылғым келмейді. Киімім де балалар қорқатындай емес. Жеңі бар жейде мен ұзын белдемше кидім. Басымда бүркенген орамалым да жоқ. Төбемді жабу үшін «тюрбан» тағып жүрмін», – дейді балабақша қызметкері.

Оның айтуынша, дін жолына түскені үшін басшы оны өзге әріптестерінің көзінше жекіген.

«Ол музыкант. Балаларға би үйретуі керек, аяқтары көрінуі тиіс. Шашын балалар көру керек. Біздің өз тәртібіміз бар. Егер тәртіпке көнбесе, жұмыстан кетуіне болады. Музыкадан беретін адам балаларға ән-би үйрету керек. Би үйреткенде аяқты қалай қозғауды үйретуі тиіс. Солай емес пе? Бұл балабақша, бұл жерде намаз оқуға болмайды. Оқығысы келсе мұсылмандар бар жерге, таза жерде оқысын. Орамал болмайды, балалар апайының бетімен бірге шашын да көру керек. Бұрын қазақта ондай болмаған», – № 38 дейді балабақшаның меңгерушісі Айман Қалжанқызы.

Жақында облыс әкімінің алдында қоғам қайраткері Амангелді Айталыдікеңдеген басшылардың діндарларға көп қысым көрсететіні туралы айтқан болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз