Перзентхана қызметкерлері жаңа туған сәбилерді қалай сатқандарын айтты

0
250

Сәби саудасын қыздырғандар кінәларын мойындады. Алматы облысында жас қыздардың некесіз нәрестелерін басқаларға сатып, пайдаға кенелген перзентхана қызметкерлері бүгінгі сотта қылмыстың жай-жапсарын жасырмай айтты деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматыда перзентхана қызметкерлері жаңа туған сәбилерді қалай сатқандарын айтты

Істеген істерін айыпталушы 30-дан аса адамның 11-і мойындап отыр. Олардың оны перзентхананың бұрынғы қызметкері. Нәрестені босанған 4 әйел мен оларды қыруар қаржыға сатып алғандар да сот жағалап жүр.

Ал кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартқандар сәби сатуға баласыз отбасыларды аяғандықтан бардық деп ақталуда. Тіпті кінәні бір-біріне артып жатқандары да бар. Қалай дегенмен, баланы саудалаған акушерлер де, оларды сатып алғандар да жауап жазасыз қалмайды.

Әрқайсысы кемі 7 жылдан да арқалауы мүмкін. Алматы облыстық ауруханасы перзентхана бөлімі қызметкерлерінің сәби саудасымен 8 жыл бойы айналысқаны былтыр әшкереленген. Осы уақыт ішінде 15 шақалақ сатылып кетіпті.

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз