Үй өртеніп, бес адам ажал құшты.

0
102

Алматыда бүгін жеке тұрғын үй өртеніп, тілсіз жау бес адамның өмірін қиды, – деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО: KIEVPRAVDA.COM

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт Жетісу ауданы Венецианова көшесіндегі 51-үйде болған.

«Қаза болғандардың барлығы ересек адамдар, ішінде балалар жоқ», – делінген ТЖД таратқан баспасөз хабарламасында.

Қазір арнайы мамандар өрттің шығу себептерін анықтау үстінде.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз