6 жасар қызды зорламақ болған сот орындаушысы өзіне қол жұмсады

1
216

Ақтөбеде 6 жастағы қызды жалаңаштап шешіндірген мемлекеттік сот орындаушысы 10 қабаттан секіріп кетті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісісі

Мәртөк ауданының сот орындаушысы Дастан Баясиловтың денесі кеше таңертең табылған.

Жантүршігерлік оқиға Ақтөбеде кеше түнде тіркелген. Пажарский көшесіндегі 36 үй жанынан биіктен құлаған адамның денесі табылды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жәдел жәрдем қызметін шақырған.

«10 ақпан күні таңертең 9:32 шамасында 26 жастағы ер адамның биіктен құлағаны туралы полиция хабарлады. 9:40 шамасында біздің бригада оқиға орында болды. Оған 6 жастағы қызды зорлауға әрекет жасады деген айып тағылғанв айтылып жатыр. Ол содан кейін секіріп кеткен. Біздің білуімізше, ол өзі секіріп кеткен», -деп хабарлайды жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиев.

Оқиға орын алған жердің тұрғындары үйдің жанына таңертеңнен құқық қорғау қызметкерлері келгенін айтады. Әркім оқиғаны сан саққа жүгіртіп жатыр.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі оқиға туралы хабарсыз.

«Ол досының үйінде көңіл көтерген. Досы сыртқа шығып кеткен кезде оның қарындасын шешіндіріп, қасына жалаңаш жатқан. Содан кейін шу болып, үйіндегілер арыз жазған. Бірақ, күдіктіні қамамай, босатып жіберген. Ол бірге тұратын құрбысына жағдайды баяндап, өзіне қол жұмсайтынын айтқан», – деген болжамдар бар.

Ал, облыстық Әділет департаментінің қызметкерлері алғашында «оқиға туралы хабарсызбыз» деп, кейін тергеу жұмыстары болып жатқанын растады.

«Не дейді? Ондай ақпарат қайдан шыққан? Білмеймін… ол оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр», – дейді Ақтөбе облыстық Әділет департаменті бастығының орынбасары Наталья Шарипова.

Мемлекеттік сот орындаушы бірге тұратын құрбысының үйінің төбесінен секірген. Оның денесі өз көлігінің жанынан табылды.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз