Елбасы тұрғын үй құрылысына қаржы бөлуді тапсырды

1
133

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысын ынталандыруға 360 млрд. теңге бөлуді тапсырды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Елбасы сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 53 млрд. теңге бағыттауды тапсырды. Мұның бәрі 2016 жылы қосымша 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді және ІЖӨ өсімін арттыруға үлес қосады.

«Несиеге берілетін тұрғын үйлерді салуға 149 млрд теңге бөлуді тапсырамын, соның ішінде 22 млрд теңге салымшыларға несиеге берілуі тиіс», – деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы жеке құрылыс салушыларға қолдау көрсетуге қайтарымды негізде 97 млрд теңге бағыттауды тапсырды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы тұрғын үйдің бағасы әлеуметтік бағдарланған болуы тиіс екеніне аса мән берді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысын ынталандыруға 360 млрд теңге бөлуді, жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 53 млрд теңге бағыттауды тапсырды. Мұның бәрі 2016 жылы қосымша 1,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді және ІЖӨ өсімін арттыруға үлес қосады.

qazaquni.kz

1 Пікір

  1. Бұл банк нағыз алдамшы банк болды-ау деймін. Үкметтен бір ақша алады, елден бір ақша алады. Сонда бұлар таза пайда алып жатқан банк.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз