Астанада өлтірілген жігіттің мәйітін табуға экстрасенс көмектескен

1
326

Астанада өлтірілген Ерасыл Әубәкіровтің мәйітін табуға Әзірбайжан экстрасенсі Кямран Самедов көмектескен. Ер кісі оған туыстары ертерек жүгінгенде Ерасыл тірі табылар еді деген пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 3 ақпан күні 23 жастағы медициналық университеттің 6-шы курс студенті Ерасыл Әубәкіровтің іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Жас жігіт үйінен «тірлігім бар» деп шығып кетіп, қайта оралмаған. Ерасыл көп ұзамай өлі күйінде табылды.

«Ерасылдың жақындары маған маған 9 ақпанда хабарласып, келесі күні мен Астанаға келіп жеттім. Ата-анасына оны тірі көрмей тұрғанымды бірден айттым. Ұлдары суықта, қар астында жатқанын түсіндірдім. Картадағы орнын көрсетіп, сол күні кешкісін полицейлер ол жерде мәйітін тапты. Егер Ерасылдың туыстары маған ертерек жүгінгенде, оны тірі табуымыз әбден мүмкін еді. Оны соққыға жыққан, алайда бірден өлтірмеген», – дейді Самедов.

Экстрасенс қылмыстың егжей-тегжейін тек өзіне қауіп төнбесе ғана айтатынын алға тартты.

«Егер билік Ерасылды өлтіргендерді іздеуде менен көмек сұрап, менің қауіпсіздігіме жауап беретін болса, көмектесемін», – дейді Кямран Самедов.

Ал Ерасылдың досы болса, Әубәкіровті іздегенде ешқандай экстрасенске жүгінбегендерін алға тартты. Себебі, дәрігерлер балгерлерге сенбейді. Ал сол арада оларға түрлі көріпкелдер хабарласып, көмектесуге ниет білдірген екен.

Ерасылдың ағасы жігіттің аяусыз соққыға жығылғанын мәлімдеді деп хабарлайды today.kz.

«Неге олай істегендерін ешкім білмейді… Ерасылды аяусыз соққыға жығылған күйінде тапты, оны өлтірер алдында соққыға жыққан. Әкесіне көрсетті, үсті-басы көк-ала, аяусыз ұрып-соққан. Оны тапқанда, қол-аяғы байлаулы күйде болды. Байлап қойып ұрған. Оның қарызы да, жауы да болмады, қызғаныштан өлтірді», – дейді Ерасылдың ағасы Құмарбек.

Ал Ерасылмен бірге «Х-фактор» байқауында өнер көрсеткен Алуа Андинова Ерасылмен 10 жыл бойы дос болып келген екен деп хабарлайды info-tses.kz. «Стиляги» тобында онымен бірге ән салған бойжеткен қаралы хабардан қатты есеңгіреп қалған.

«Ерасылды жақсы білетінмін, оның жауы болған емес. Ол 10 жыл бойы қасымнан табылған ең жақын досым. Болашаққа жоспары көп жарқын жігіт еді. Шоудан кейін түрлі топтарда өнер көрсетіп жүрдік», – дейді Алуа.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз