Қай мектепті бітірсеңіз министр болуға мүмкіндік мол?

1
196

Ерлан Сағадиев — еліміздегі республикалық деңгейдегі мамандандырылған аздаған мектеп-интернаттардың бірін бітірген. Қазіргі күнге дейін ондай арнайы мектептерге түсудің талаптары жоғары. Ал, мұндай белгілі бағытты тереңдетіп оқытатын мектепті бітірген түлектердің ішінде министр немесе танымал өнер тұлғалары  көп.

Ақбота Айтбаева республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы. Тек жоғарғы сыныптар оқитын бұл жерге үлкен дайындықпен, емтихан тапсырып түскен. Мақсаты да биік. ҰБТ-ны сәтті тапсырып, Гарвард, Оксфорд, Пенсильвания сияқты атақты оқулардың бірінде білімін жалғастыру.

АҚБОТА АЙТБАЕВА, Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы:

– Шет елге түскім келеді. Соның ішінде Кореяға тапсырып көремін. Кореяда Юнист деген. 2030 жылдары әлемдегі үздік 30 университет қатарына кіреді.

Физика-математика мектебі атауынан академик Жәутіковтің есімі алынып тасталыпты. Осы оқу маусымынан бастап, коммерциялық емес акционерлік қоғам. Ал мектеп мақтаныштары тақтасында премьер-министр Кәрім Мәсімовтен бастап, он шақты министрдің суреті ілулі тұр. Кеше ғана білім және ғылым министрі креслосына жайғасқан Ерлан Сағадиев те мектеп түлегі.

Ал Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептің ашылғанына 60 жылға жуықтаған. Нұрлан Албан,Тоқтар Серіков, Ақбота Керімбекова, Тамар Асарлар осы мектепті бітірген. Танымал түлектер қатарында бірнеше генералдар да бар.

Дарынды балаларға арналған мектепте шығармашыл шәкірттерге көңіл бөлінеді. Алайда оқуға түсушілердің барлық пәнге жүйрік болуын тексереміз дейді директор.

МҰХТАР ИБРАИМОВ, Абай атындағы РММИ директоры:

– Тек қана біз қазақ тілі мен әдебиетін жақсы оқитын балаларды ғана емес, басқа пәндерді, жаратылыстану пәндерін де жақсы меңгерген балаларды қабылдауға талап етеміз.

Оқушылар физмат мектебіне 9-сыныптан, «Дарынға» 8-сыныптан бастап қана қабылданады. Ал түсуге талап жоғары болғанмен, білімді азамат болып шығудың мүмкіндігі мол.

Манас Қайыртайұлы

http://ult.kz/?p=15073

1 Пікір

  1. Осындай мектептердің елімізде болғаны қандай жақсы. Міне болашақ деген осы ….

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз