Жоспары жоқ, есебі жоқ министр мен әкімдер…

1
156

Бір министр не әкім жаңа орынға келеді.

Нақты қандай бағдарламасы бар, не істеп, не қояды, қандай жаңалық енгізеді, алдына нендей мақсат қойып отыр — оны ешкім білмейді (кейде өзі де білмейді-ау деп ойлаймын!).

Біраз уақыттан кейін, себебі айтылмай, орнынан кетеді. Не өседі, не өшеді.

Бірақ сол министр не әкім өзінің атқарған жұмысы туралы өз әріптестері не жалпы жұртшылық алдында есеп бермейді.

Жаңа басшы келіп, бәрі де қайталанып жатады.

Менің ойым мынадай.
Кез келген министр не әкім — бюджеттен жалақы алады, яғни салық төлеушілер оны асырайды. Сондықтан да ел оның алдағы жоспарын да, жұмысы туралы есебін де білуге қақылы! Керек десеңіз, міндетті!

Сол өркениетті дәстүрді күнделікті өмірге енгізбей, кадр мәселесінде ешнәрсе өзгермейді!

Айтпақшы, бұл тезистің президент, премьер, ұлттық компаниялар басшыларына да тікелей қатысы бар.

Әміржан Қосановтың фэйсбуктағы парақшасынан

Ескерту: автордың көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді

http://ult.kz/?p=15110

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз