Емтиханнан өткізу үшін 2 мың теңге сұраған оқытушы төсек тартып жатыр

0
130

Жақында желіге оқушылардан әрбір емтихан үшін 2 мың теңгеден алатын мұғалім туралы видео жарияланып, оқырмандар арасында қызу талқыланған болатын.

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.

Студенттерден қысылмай пара сұрап отырған мұғалім туралы видео оның қызметінен кетуіне себеп болды. Нұржамал Жанбосынованың оқытушылық қызметке келгеніне 27 жыл толған. 51 жастағы мұғалім Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде 2013 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Бүгінде мұғалімнің әріптестері оның жақсы адам екенін айтуда. Ал колледж директорының орынбасары ашық түрде пара сұраған оқытушының қызметінен қуылғанын айтты.

Ал мұғалімнің ұлы бүгінде оның қан қысымы көтеріліп ауырып қалып, төсек тартып жатқанын айтты.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз