«Әбу-Даби Плаза» кешені өртеніп жатыр (фото, видео)

0
143

Астана қаласында көп бейінді «Әбу Даби Плаза» кешені өртеніп жатыр.

Ішкі істер министрлігі ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, өрт туралы хабар кезекші бөлімге сағат 04:40-та түскен деп хабарлайдыҚазАқпарат.

Хабарлама түскеннен кейін 10 минут ішінде өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт газ баллондардың жарылуынан шыққан. Кешеннің 25-ші қабатындағы ағаштан жасалған қалыптар өртеніп жатыр.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

 Видео: Ruslan Ahmedov

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз