Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының күрт өзгеру ықтималдылығы азайды

1
110

Қазіргі кезде теңге бағамының елеулі өзгеру ықтималдығы төмен деңгейде, деп хабарлады бүгін ғаламтор конференциясының аясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

фото: ortcom.kz

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Ғаламтор пайдаланушысының тиісті сұрағына жауап бере отырып, Данияр Ақышев Ұлттық банктің айырбастау бағамы бойынша бағдарлары жоқ екені, оның мәнін болжап отырмағанын хабарлады.

Оның айтуынша, еркін ағымдағы айырбас бағамының жағдайында оның баға белгіленуі сыртқы факторларға, ең бастысы, мұнай бағалары мен ресейлік рубль бағамына байланысты, сондай-ақ ішкі факторларға байланысты күн сайын өзгере алады.

Сондықтан Ұлттық банк іргетасты трендтің қалыптасуына кедергі жасамайды, интервенция айырбас бағамы күрт өзгеріп, тұрақсыздандыру сипатында болса ғана жасалуы мүмкін, деп атап өтті Ұлттық Банк төрағасы.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз