Өз сөзінен өзі шошитындай Жарылқап Қалыбайға не болған?

2
179

Жарылқап Қалыбай қанішерлер қолынан қапыда қаза тапқанына 10 жыл болған белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы туралы эфирдегі сөзін қысқартып берген 31 телеарнаға ойбайлаған пост жариялапты.

Онда: «Оу, ағайын! Мынандай жалалы оқиғаны бастан кешіп пе едіңдер! Мен ің айтқан ойымның бір сөйлемін ғана үзіп алып, маған Алтынбектей азаматты жамандатып қойған журналист пен редакторға не істеуге болады? Менің қасымда үш куәгер бар»-дейді Жарылқап. «Өтірікшінің куәсі қасында» дегендей, жанынан жалма-жан куәгерлері де табыла кетіпті…  Ал бірақ Жарылқап мырзаның  эфирдегі  Алтекең туралы айтқан өз сөзі мынау: «Қазақстан Республикасының қазіргі билігін күшейтуге қызмет етті. Қазіргі жүйені жасасуға қызмет етті.»  

https://www.youtube.com/watch?v=c3VPpCejZ5E
 Оу, бұл жерде қандай жамандау бар? 10 жылдай министр болғанда, билікті күшейтпей, жүйені жасасуға қызмет етпегенде не істеу керек еді Алтекең?!.  Бұл сөздердің басында айтылған, не аяғында айтылған сөздерді қысқартпаған күннің өзінде  не өзгеретін еді?. Әр редакцияның өз құқы бар, сіздің сөзіңізден өзіне керегін ғана алуға. Сіз түгілі президенттердің сөзі де түгел берілмей, ойып алып жатады әр БАҚ өз мүддесіне қарай. Өз сөзінен өзі шошитындай Жарылқап мырзаға не болған? Бұл туралы Болат Атабаев мысқылын жасыра алмаса да, тура айтқан:  «Сонда ол сөздер басқа біреудің аузымен айтылды ма?  «Озвучка» жасаған басқа адам ба?»

Болат мырзаның айтқан сөзіне алып-қосарымыз жоқ…

Махамбет ЕРҒАЛИ,

gu-gu.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз