Ермұраттың керек кеңесін түсінбеген «сыншы»  кім?

1
190

Жарылқап Қалыбайдың Фейсбук парақшасындағы  31 телеарнадағы  өз сөзінен өзі шошығаны туралы Gu-gu.kz сайты  бұған дейін жазғаны белгілі.  Біз бұл жерде оны қозғайтын ойымыз жоқ, Біздің сөзіміз осы жазбада бұл тақырыпқа қатысы жоқ бір диалогтың өрбігеніне байланысты. Жақсымбет Жайық деген   (шын аты-жөні белгісіз) біреу жөн айтып, жол көрсеткен журналист Ермұрат Бәпиге өре түрегеліп, қиыс тартыпты.  Енді диалогтың өзін келтірейік:

Жақсымбет Жайық:  Жарылқап Қалыбай аға, Қуекеңнің осы өлеңі  Алтын ғасыр газетінде жарияланып еді, сіз журналыңызға шығара аласызба?

Ермурат Бапи : Бұл поэзиядан гөрі, публицистикаға көбірек ұқсайтын өлең екен. Ұйқастары да ақсап тұр. Қара сөзбен жазып берсеңіз, газетке басуға болады. Ал мына күйінде өлең деп жариялауға осы ФБ-дағы Ұлықбек ақыннан (Есдәулет), Тыныштықбек, Қазыбек Иса сияқы корифейлерден ұят болады…

Жақсымбет Жайық:  Ермурат Бапи, Ереке маған маңызды болғаны ұйқасы емес ішіндегі арқыраған ащы шындығы. Ұйқасы күшті деген өтірік өлеңдерден- ақ жалықтық. Ұялатын корифейлерің Ұлықбек, Тыныштықбек, Қазыбек сықылдыдар болса береке берсін. Солардың бір «әй» дегенін естіппе едің…

Ермурат Бапи:  Бұл арадағы мәселе «әй» деуде емес, өлең деген құдіреттің құрылымында. Менің айтпағым: осында жазылған мазмұнды қара сөзбен де жеткізуге болар еді ғой. Сол үшін зорығып, ұйқас іздеудің қажеті қанша?! «Хан емессің, қасқырсың…» дейтін поэзияның уақыты өтіп кеткен. Екінші айтпағым: өлең деп, жалпақ жұртқа жария етер дүниеге абай болу керек дегенім ғой. «Қаншама қазақтың жанын алған» адамның атын айғайлап айтпай, астардан сығалатып қою әлдеқайда көркем дүние болар ма еді? Әйтпесе, екеуінің бірі өлеңші қазақты мұқату мақсат-мұратым емес… Құдай талабыңызды оңдасын!

Жақсымбет Жайық:  Жарайды сығалап жүре бер…

Көріп отырғандарыңыздай, поэзия туралы кәнігі әдеби сыншылардай толғаған, өлеңді терең түсінетін,   қаламы өткір  Еркекеңнің  мәнді кеңесін керек етпей, өзінше қарсы шығып, өлең дегеннің не екені иісі бармайтын танауын шүйірген Жақсымбетіміз «жаман аттай жанына торсық байлатпай»   қойыпты…

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет пен  Сергей Есенин атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қазыбек Исаның  арыны атқа мінгізетін азаматтық жырларын жалпы сауаты бар, поззияны түсінетін  ел жақсы біледі  «жақсымбеттер» білмегенмен…  Ал ол аяқ астынан пайда болған «сыншымыз» Тыныштықбектің  терең ойлы, рухты жырларын  екі дүниеде де түсінбейтіні анық..

Қазақ поэзясының  Ұлықбек, Тыныштықбек, Қазыбек секілді дүлдүлдерін Қуекеңнің  қарапайым ұйқастан жұрдай қарадүрсін  «өлеңімен»  салыстырған  Жақсымбеттің бұл қылығы  Крыловтың мысалындағы  бұлбұлға «сенен әтеш тәуір ән айтады екен» деп «баға» берген  жануардың  «сыншылығын» еске түсіреді екен. ..

Махамбет ЕРҒАЛИ,

gu-gu.kz

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз