Өскеменде Ерасыл Әубәкіровтің денесі жер қойнына тапсырылды (фото)

2
166

Елордада кісі қолынан қаза тапқан Астана медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровтың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Марқұмның ата-анасымен бірге тұрған Өскемендегі екі бөлмелі пәтеріне адам көп жиналды. Ерасылмен қоштасуға жүздеген адам: туыстары, мектептегі достары мен мұғалімдері, Астанадан курстас достары келді. Тұрғын үйдің кіреберісінде полицейлер кезекшілікте болды.

«Ерасылдың анасын жақсы танимын. Жақсы жігіт, жақсы отбасы болатын. Қанды қол қылмыскерлердің бірі ірі сауда үйі қожайынының ұлы екенін бәріміз біліп отырмыз. Кінәлілер қатаң жазаға кесіледі деп сенеміз», – дейді көрші дүкеннің сатушысы.

Болжам бойынша, қылмысқа жеке бас араздығы себеп болуы мүмкін.

Қонақасы Өскеменнің Орталық мешітінде беріледі.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Ең ауыр жаза кесу керек. Бұл қаталдық емес. Олар бір азаматтың жанын алған жоқ, бір шаңырақты ойрандап кетіп отыр.

  2. Байдың баласы қылмыскер болса құтылып та кетер!!!! Бірақ жаратушының көзі түзу болсын. Дүние кезек. Оз бастарына келсин. Өздери де осындай қайғы көрсе түсінер. Өмір бойы осы жукті арқалап өтсін

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз