Мақпал Жүнісова: Өз елімнен кететін шығармын

4
306

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова концерттерде бой көрсеткенімен, отандық телеарналардың өзін эфирге шығармайтынына налыды. Қайда барса да, алдынан кесе-көлденең кедергілер шығатын Халық әртісі өз елінен кетуді де ойластырып жүргендей, деп жазады NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап.

Мақпал Жүнісова сұхбат барысында қызы Мерей аяққа тұрып кеткен соң, елден кетуі мүмкін екенін ашық айтты. Бұған себеп, әншінің өнері отандық арналардан көрсетілмеуінде екен.

Өзіңіз де көріп отырсыз, ешқайда шығармайды. Мен қашанғы жылай бермекпін?

«Жасырмаймын, ондай ойым бар. Өзіңіз де көріп отырсыз, ешқайда шығармайды. Мен қашанғы жылай бермекпін? Оған дейін зейнетке де шығып қалармын. Басқа мемлекетке баруым не болмаса туған жеріме кетіп қалуым мүмкін. Ауылыма барып, бауырларымның жанында тып-тыныш өмір сүргенге не жетсін?», – деді Мақпал Жүнісова.

Әртіске Алматыдағы үлкен үйді ұстап тұрудың өзі оңайға түспейтін көрінеді. Күнделікті үй шаруасына көп қаржы жұмсауына тура келеді. Көлік жүргізе білмейтін әнші қазірде рөлге отыруға мүлдем қорқады. Сол үшін жүргізуші жалдайды.

«Бір тиын да жинамаппын. Айтқанымдай, артық ақшам болса, бәрін таратып жүреді екенмін. Бір үйімді сатып, депозитке салсам ба деп енді ойланып отырмын. Бәрі уақыттың еншісінде. Қызым аман-есен мектебін аяқтап, жақсы оқуға түссе деймін. Одан басқа мақсат-мұрат жоқ. Несібемізге қарай бұйырғанын көрерміз. Шақырған жерден қалмай, шақырмаған жерге бармаймын. Жағдайымды жасайтын болса, ән айтуға дайынмын», – деді Халық әртісі жоспарымен бөлісіп.

Дереккөз: Nur.kz

4 ПІКІРЛЕР

  1. Макпал Апай, сиз ешкимге ренжимениз. Сизди халык мойындайды, озим заманауи заманнын жасы болсамда, Сиздин анди жаксы тындаймын! Арнага шакырмаса ол бизди баскарып отыргандардын дарежесинин томендиги. Сиз не ушин сол адамдардын дарежесине тусип, оз ерекшелигинизди жогалтасыз. Халык болмай, ел, мемлекет болмайды. Сизди осы улкен державаны кураушы негизги фундамент колдап, корсе болды емеспе. С.Сейфуллин, А.Байтурсынов, Д.Миржаковтарды да кезинде ари-бери турткилеп, казир тобесине койып отыр. Мысал ретинде осыган унилсениз, шындык коринип тур. Ариптен кеткен кателик ушин, кеширим сураймын. Казак тилинде арип жок…

  2. Мақпалжан, битке өкпелеп, тонды тастамағандай, иттерге өкпелеп елін тастамас болар. Сені сүйіп тыңдайтын халқыңның жазығы не, сендей қайталанбас талантты да сүйікті əншісінен айыратындай? !Бұл өткінші нəрсе ғой, уақыт бəрін өз орнына қояды, тек қана жеңілме, мықты едің ғой, машаллах, бұл сынақтан да абыроймен өтерсің. Өткенде Шымкентте өткен концертіңе апалы-сіңлілі екеуміз де барып едік, рахмет, құлағымыздың құрышы қанды, əрдайым Алла тілегіңді қабыл етіп, ниетіңе жет, Мерейің бақытты қыз болып өсіп, мерейің үстем болуына тілектес Манат əпкең.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз