Англия соты Әбілязовтың күйеу баласын «тақырға отырғызды»

1
152

Англияның Жоғарғы соты БТА Банкінің бұрынғы акционері Мұқтар Әбілязовтың күйеу баласы және Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпуновтың активтеріне тыйым салу туралы 2015 жылғы 17 шілдедегі аралық бұйрығын өзгеріссіз қалдырды.

Баспасөз баянда аталып өткендей, активтерді пайдалануға тыйым салу туралы аталған сот бұйрығы Ілияс Храпуновқа қарсы БТА Банкінің талап-арызын қолдаумен шығарылған. Храпунов ағылшын сотының бұйрықтарын бұза отырып, Мұхтар Әбілязовқа активтерін басқаруға көмектесті деп айыпталуда.

«Өткен жылдың шілде айында активтерге тыйым салу туралы шығарылған бұйрық өз күшінде қалады және Әбілязов мырза үшін не оның жеке атынан азамат Храпунов бақылайтын активтер бойынша мәмілені шектейді. Тиісінше, үшінші тұлғалар олар банктің келісімінсіз немесе ағылшын сотының одан әрі өкімінсіз оның бақылауындағы активтерге қатысты азамат Храпуновпен жұмыс істемеуі тиіс екені хабардар етілді», — делінген хабарламада.

«Қазақстан жаңалықтары»

1 Пікір

  1. Байлығынан айырылғанда бай адамдар қандай көңіл күйде болды екен-ә ….

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз