Назарбаев Алматыдағы гипермаркеттен отандық өнімді сатып алды

6
215

Нұрсұлтан Назарбаев Grand Park Almatу сауда орталығының жаңа ғимаратында орналасқан гипермаркетті аралап, Қазақстанда жасалған өнімдерді көрді.

Архивное фото akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы отандық өндірістен шыққан тауарлар сатып алды. Сонымен қатар мұнда Қазақстан президентіне сауда саласы мен жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы баяндалды.

Carrefour гипермаркетіне қазақстандық 500-ден аса компания өз өнімін жеткізеді, соның 130-ы – Алматы қаласы мен Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Сауда үйіндегі барлық тауар түрлерінің ішіндегі отандық өнімдер үлесі шамамен 40-50% болады.

8 мың шаршы метр алаңда 30 мың аталымдағы тауарлар қойылған. Қазіргі кезде гипермаркетте 450 қызметкер жұмыс істейді. Инвестицияның жалпы көлемі 5 миллиард теңге болды.

Дереккөз: Nur.kz

6 ПІКІРЛЕР

  1. Отандық өнімді ең бірінші өзіміз қолдауымыз керек. Елбасымыз отандық өнімді көтеруге барлық жағдайды жасап отыр.

  2. Астанада да қазақстан тауарларын сататын дүкендер бар, бәрақ гипермаркет асша ол игі іс болар еді.

  3. Елбасы қашан да отандық өнідіріске қолдау білдіреді. Әрине Президент болған соң біз сияқты дүкенге бармайтын шығар. бірақ қарамағындағылар үлгі алуы тиіс.

  4. Елбасы улкен корегендилик танытып отыр. Көп жасасын! Үлгі көрсетіп жатыр біздің Қазақстандықтарға

  5. Елбасымызбен келісемін! Озимиздин Отандык товарларымыз сапасы жагынан да бағасы жагынан да колжетимди.Барша казакстандыктарды отандык онимдерди алуга шакырамын

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз