Қазақстандықтар 8 наурызға орай неше күн демалады?

1
157

Қазақстан үкіметі 5 наурыздағы демалыс күнін 2016 жылдың 7 наурызына ауыстыру туралы шешім шығарды деп хабарлайды премьер министрдің ресми сайтында.

«Қызметкерлердің демалысына жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді жұмсау мақсатында 2016 жылдың наурызында үкімет сенбі – 5 наурыз күніндегі демалысты 2016 жылдың 7 наурызы – дүйсенбіге ауыстыру шешімін қабылдады», – делінген хабарламада.

Кей жұмыс орындары кәсіби ұйымдармен келісе отырып, 2016 жылдың 7 наурызын жұмыс күні етуге құқылы.

Аталмыш күндегі жұмысқа Қазақстан заңнамасына сәйкес ақы төленеді.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз