Назарбаев Алматыдағы Мұз сарайының құрылысымен танысты

1
231

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда сыйымдылығы 12 мың адамды құрайтын Мұз сарайына барды, – деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев спорт нысанының инфрақұрылымымен танысты, мұнда 2017 жылы қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты өтеді, сонымен қатар, мәнерлеп сырғанау мен керлингтен жарыстар өтеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасының аясындағы автомобиль жолдары желісінің дамуы, инновациялық кластер мен «Инновациялық технологиялық саябағы» арнайы экономикалық аймағы жайлы баяндалды.

Универсиаданың операциялық бюджеті екі есеге – 17 миллиард теңгеге дейін оңтайландырылған. Салынып жатқан Универсиада нысандарындағы қазқамтудың үлесі 50 пайыздан асты.

Елбасыға берілген есепте 28 қаңтардан бастап, қысқы доданың басталуына бір жыл қалған уақытта Универсиаданың ресми сайтында қатысушы мемлекеттікді онлайн тіркеудің басталғаны айтылады. 16 ақпан жағдайындағы деректер бойынша, бүгінде 55 мемлекеттің 35-і тіркеліп үлгерген. Ал дода кезінде 30 мың турист келеді деп күтіліп отыр. Күнделікті қысқы Универсиаданың телеаудиториясын әлемнің 80 еліндегі 1 миллиард адамды құрайды.
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-almatyidagyi-muz-sarayyinyin-kuryilyisyimen-268015/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз