Назарбаев атышулы «Оңай» төлем жүйесін сынға алды

5
172

Назарбаев атышулы «Оңай» төлем жүйесін сынға алды

 

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Универсиадаға дайындық жұмыстары мен қаланың даму мәселелеріне арналған жиын барысында экология мен транспорт мәселесін көтерді деп хабарлайды Қазақпарат.

«Күн сайын қалаға 250 мың автокөлік кіреді. Халықаралық тәжірибені зерттей отырып, бұл үдерісті реттеу керек. Мәселен, бір күні жұп санды нөмірлерді кіргізбей, екінші күні тақ санды нөмірлердің кіруіне тыйым салып дегендей… Сондай-ақ, «Оңай» электронды билеттендіру жүйесінде олқы тұстар аз емес. Халыққа бәрі түсінікті болу үшін әр жаңалықты жан-жақты екшеп алып енгізу керек», – деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, елбасы Алматының жасыл желегін сақтап қалудың маңыздылығын жеткізді.
«Әр азамат ағаш отырғызсын. Көлік пен жеке үйлер көгілдір отынға көшсін. Мәселен, Токиода бұрындары үлкен проблема болатын. Қазір жайлауда келе жатқандай боласың, адам саны 13 млн болса да ауасы сондай таза. Әдістер өте көп, тек оларды енгізе білу керек», – деді Назарбаев.

Қазақпарат

5 ПІКІРЛЕР

  1. Сынға алатын несі бар. Өте дұрыс жүйе. Тек бастық сымақтар құртып отыр.

  2. Әр жанадан істелініп енгізілген заттын мүмкін кемшілігі болады соны қайтадан жанарта салу керек.

  3. Бұл қызмет түрі ең алдымен халық үшін еңгізілді, сондыұтан президенттің ескертуі өте орынды

  4. Елбасының ұсыныстарымен келісемін, егер Токио және Лондон сияқты қалаларда ауа мәселесі шешілсе, біздің де қолымыздан келеді деп ойлаймын

  5. Барлығы да бір жүйемен ойластырылып жасалғаны дұрыс. Елбасы орынды айтады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз