Назарбаев: Қазақстандықтар шикізат қорынсыз өмір сүруді үйренуі тиіс

21
122

Қазақстандықтар шикізат қорынсыз өмір сүруді үйренуі тиіс. Бұл туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласын дамыту және 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жөнінде өтіп жатқан кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Аспаннан қашан алтын жауады екен деп, қол қусырып отырмауымыз керек. Әр дағдарыс – жаңа дамуға жол ашатын кезең. Сол себепті қазір біз шикізат саясатынан бас тарта аламыз. Мемлекет дағдарыстан мейлінше аз шығынмен шығу үшін тиісті шараларды қолға алуда», – деді елбасы.

Президент үкіметтің дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қабылдағанын атап өтті. 3 трлн теңгеге тарта қаражат 18 мыңдай жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Егер біз бағамды ұстап тұруды жалғастыра бергенде, барлығын жұмсап қойған болар едік. Ал қазір біз ақшаны елдің дамуына бағыттап жатырмыз. Қазіргі жағдайды ескеріп, қаржыны тиімді пайдаланған жөн», – деді елбасы.

«Инвестиция тарту бағытында жұмыс істеу керек. Мемлекет қазынасынан бөлінген әр теңгеге 2-3 теңге жеке инвестициядан келуі тиіс», – деп толықтырды президент.

21 ПІКІРЛЕР

  1. Өміріміз шикізатпен бірге тұрса, қалай үйренеміз. Жапон, Сингапор сяқты ел емеспіз.

  2. Қазіргі дағдарыс уақытында жаңа инвестицияларды іздеуіміз керек.

  3. Шынымен басқа да өндіріс салаларын, ауыл шаруашылықта дамутыға көңіл бөлуіміз керек. Қазір қол қусырып отыратын уақыт емес.

  4. Иә, осы кризис шикізат құнына, әсіресе мұнай бағамына тәуелсіз болу керек екенін көрсетті. Оған альтернативті пайда көздерін табу керек. Үлкен сабақ болары анық бұл жағдай

  5. Әрине біз қазырғы таңда басқа салада басқа өндіріс жолдарын тауып жұмыс істеуіміз керек

  6. Менің ойымша туризм саласын дамыту керек , себебе біздің қазақ табиғатымыз өте әдемі және таза

  7. Дұрыс, неге тек шикізатқа тәуелді болып отыру керек, басқа бағытта да салаларды дамыту қажет

  8. Менде елбасымыздың пікіріне қосыламын, ғылым мен техника дамыған заманда барлығы мүмкін. Болашақ ұрпағымызды техникалық білімге баулуымыз керек.

  9. Елбасымен толықтай келісемін. Шикізат сарқылатын ресурс болып табылады. Сол себепті шикізатқа сеніп отыра беруге болмайды.

  10. Елбасы өте дұрыс мәселені көтеріп отыр, меніңше елімізде көптеген салаларда өндірісті дамыту потенциалы бар, соны қолдану керекпіз

  11. егер біз технология бағытында жұмыс істесек дұрыс болады , себебі бізде жас мамандар IT технология бағытымен шұғылданады

  12. Иә, бізге осылай бағыт беріп отырамса біз барлығымыз жан-жаққа кепіп шашылып қаламыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз