Жамбыл облысында адам өлтірді делінген күдіктінің отбасы баланың туыстарына өз үйін беретін болды

29
250

Түрік бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысында қайтыс болған жасөспірімнің жанұясынан кешірім сұрап, оны өлтірді делінген күдіктінің ісін сөкті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрік бірлестігінің жетекшісі Давришев, Бурыл ауылы имамының орынбасары Жамисар Қожа (түрік ұлтының өкілі), Омад Басадов (Бурыл ауылының этномәдени бірлестігінің жетекшісі) және Қазақстан халқы ассамблеясы кінәлілерді жазалауды сұрады және қаза болған баланың отбасына материалдық көмек көрсетуге уәде беріп отыр.

Ақсақалдар адам өлтірді делінген күдіктінің үйін баланың туыстарына беру туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, түрік диаспорасы жерлеу рәсімін өткізу бойынша шығындарды өтеп беретінін айтып отыр.

Жамбыл облыстық ІІД тонау кезінде өлген бала туралы істі тергеп жатыр.

Еске салсақ, 2016 жылы 15 ақпанда сағат 17.00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған А. С. Дүйсенбек есімді баланың денесі табылған болатын. Денеден зорлық белгілері анықталды.

ІІД өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 16 ақпанында осы іске қатысы бар деген күдікпен К. есімді ер адам ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған. Ол кінәсін мойындады.

Жамбыл облысындағы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Елді мекенде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша шаралар күшейтілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

29 ПІКІРЛЕР

  1. Өкінгенмен орнына келмейді, ашуға бой алдырмау керек. Әділ шешім болу керек.

  2. Құқық қорғау органдары әділ жазасын береді деп ойлаймын, сабырлық сақтау керек

  3. Ешқандай ұлттық сипаттағы қылмыс деп есептемеймін. Барлық адамның басынан өтуі мүмкін. Алайда осыны сылтауратып шу шығарып жатқандары дұрыс емес.

  4. Шыныменде кішкентай періштенін орнын ештенке толтыра алмайды бірақ ол жақсы көмек болады.

  5. Мына жерде енді баланың туыстары өздері шешеді ары қаратай не істейтініне.Ал қылмыс жасағанда соттау керек.

  6. Очень плохо, что убийца другой национальности оказался, это всегда порождает вот такое возмущение на национальной почве. Хотя, преступление совершено каким-то придурком чисто на бытовой почве. Казахи очень гостеприимный народ, но вот такого они не потерпят.

  7. Нашар ұлт болмайды нашар адамдар болады, жанжақты кінәрәттәр іздемей сабырлы болуымыз керек. Бастысы қылмыскер өз жазасын мойындады.

  8. Бауырлас екі ұлттың арасын жауластырмауымыз, достығымызға сызат түсірмеуіміз керек. Қылмысқер өз кінәсін мойындады, оны қатал жазалау керек.

  9. Тергеу жұмыстары біткен сон күдіктіге қатан жаза қолданылады деп ойлаймын.Ұлттың қатысы мындаь жоқ, Біз бәріміз бір Қазақстанбыз.

  10. Бір кісі үшін барін кірге батыру керек пе? Қазақ бауырларым бұл бізге жарасымды іс емес. Бұл қылмыста басқа қылмыстар сияқты. Қанша оқиғалар болып жатыр, түрік қана емес өзіміздін қазақтарымызда айуандай өлтіріп жатыр ғой бір-бірін. Қазақстанда бірлікке зиянымызды келтірмейік, тірнақ астынан кір іздемендер.

  11. Иманды болсын! Жаны жанаттар болсын! Қыдмыскер өз жазасын заң алдында өтейтініне сенемін.

  12. Әрине кешірім орынды, бірақ айыптының заң арқылы жазасын алуы міндетті. Қылмысы ауыр, бірақ ешқандай ұлт арасына наразылық салу сипатында болмағаны көрініп тұр.

  13. Өкінішті. қылмысты жасаған бала да жас қой, бірақ орны толмас қателік жасады. Ол қылмысы үшін жауап берді барлық заң талаптарына сәйкес.

  14. Рас оңбағандық жасап бауырымызды өлтіріпті, бірақ сол үшін бар түріктерді үрейлету орынсыз ғой.

  15. Бұл барлық адамның басынан өтуі мүмкін. Алайда осыны сылтауратып шу шығарып жатқандары дұрыс емес. Халықтын берекесін адлмай, тыныштыұты бұзбай.

  16. Әрине ата-анасына баланың орнын ештеңе толтыра алмайды, бірақ тұрмыстық сипаттағы қылмыс болғандықтан ұлтаралық жанжал керек емес.

  17. Әрине бір үймен бір адамның қаны қайтарылмайды. Десе де тыныштық керек. Өлкен адамның артынан өлмек жоқ. Қылмыскер жазасын алады.

  18. Мұсылман адамға кек алған жараспайтын әдет. Сондықтан барша түрік диаспорасынан кек алудың керегі жоқ.

  19. Ауылдың берекесі қашты. Тыныш күні елдің басына не күн туды. Бұл қылмысқа түріктің қатысы болмаса әдеттегі Қазақстанның түкпір-түкпірінде жасалып жатқан қылмыстан еш айырмашылығы жоқ.

  20. Заңы бар,жүйесі бар елміз. Қылмыскерді барынша жазалаймыз. Мұндай жағдайдан кейін ол жазасыз қалмайды.

  21. Ақсақалдар алқасы бар, басқасы бар елді сабырға шақыруы керек. Ертең күні арты одан әрі жамандыққа ұласып кетсе тағы болмайды.

  22. Бір адамның істеген қылмысы үшін бүкіл ұлт жауап бермейді, сабырлы болайық. Істің анық-қанығын ішкі істер министрі айтып берді ғой

  23. Слава Аллаху что смогли отнестись с терпением и придти к согласию и не дали делам шайтана сбыться.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз