Жамбыл облысындағы бала өлімінен кейін тұрғындармен жиналыс өтіп, жедел штаб құрылды

1
349

Жамбыл облысынды бала өлімінен кейін жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының басшылығы жиын өткізді, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазады.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, 15 ақпан күні сағат 17:00-де Жамбыл облысындағы Байзақ ауданының Бурыл ауылындағы жекеменшік үйде кәмелеттік жасқа жетпеген А.С.Дүйсенбектің зорлық белгілері бар денесі табылды. Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөліміндегі 14-тармақшасы (кәмелеттік жасқа жетпегенді әдейі өлтіру) бойынша тергеу басталды. Келесі күні өз кінәсін мойындаған К. есімді күдікті азамат ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.Қылмыстың қайтыс болған баланың отбасының мүлкін ұрлау ісіне байланысты болғанын, яғни тұрмыстық сипатта екені анықталды. Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

«Жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығына байланысты, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының басшылығы жиын өткізіп, жиналған адамдарға тергеудің алдын ала қорытындылары туралы сенімді ақпарат берілді. Елді мекендегі жағдайдың тұрақты. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды», — делінген хабарламада.

Бұрыл ауылында кәмелет жасқа толмаған баланың өліміне байланысы тұрғындардың наразылығынан кейін жедел штаб құрылды, деп хабарлады  Жамбыл облысының әкімдігінен.

«Байзақ ауданында орын алған қылмыстық оқиға бойынша жедел түрде тиісті шаралар қабылдау үшін арнайы штаб құрылған. Бүгін таңертең оқиға орын алған ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Жасалған қылмыс бойынша құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде. Тергеу жұмыстары ашық түрде жүргізіледі, жүргізілу барысы туралы қосымша ақпараттар берілетін болады. Бұл жағдай қатаң бақылауға алынған. Қазіргі уақытта жағдай бірқалыпты. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының барысынан дау-дамай іздеудің қажеті жоқ. Қылмыс жасаған адам заң жүзінде тиісті жазасын алады», — деп келтіреді баспасөз қызметі облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуовтың сөзін.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз