ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ сауалға ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ жауап бермегендер де жұмыстан шығарылады

38
544

 

Президенттің Баспасөз хатшысының түсіндірмесі   елеңдеген елдің көңілін демдеді

“Бұл ЕРЕЖЕ билік өкілдерінің ҚАЗАҚША сөйлейтін азаматтарға ЖАУАП БЕРЕ АЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫНА ДА ҚАТЫСТЫ”

Мемлекеттік тілдің дамуы – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі және оған қандай да бір шек қою Қазақстанның ұлттық мүддесіне қайшы

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Facebook желісіндегі Ақорданың арнайы парақшасында президенттің  тіл туралы айтқан сөзіне қатысты өз пікірін білдірді  деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. 

“Өз сөзінде Президент шенеуніктердің мемлекеттік қызметтерді көрсете отырып, азаматтардың сұраныс жасаған тілін есепке алуы керек екенін нақты айтты. “Тіл туралы” Заңда “Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс” делінген. Шенеуніктердің заңның бір ғана бөлігін есепке алатын жағдайлары кездеседі. Ел Президенті мемлекеттік қызметкерлерге дәл осы ретивпен айтты. Мысал ретінде ол орыс тілінде келіп түсетін өтінішті келтірді, алайда бұл ереже билік өкілдерінің қазақша сөйлейтін азаматтарға жауап бере алмайтын жағдайларына да қатысты. Сондықтан осы тақырыптың айналасындағы алаңдаушылықтың ешқандай негізі жоқ. Мемлекеттік тілдің дамуы – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі және оған қандай да бір шек қою Қазақстанның ұлттық мүддесіне қайшы”, – деп түсіндірді Дәурен Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауабында.

Айта кетейік, сұрақ былай қойылған болатын: “Мемлекет басшысының кешегі “Тіл туралы” Заңды сақтау жөніндегі мәлімдемесі әлеуметтік желілерде көп талқыланды. Президенттің бір тілде өтініш жолдаған адамдардың мемлекеттік органдардан сол тілде жауап алуы туралы сөзін кейбір азаматтар түсінбей қалды. Мемлекет басшысының не айтқысы келгенін түсіндіріп беріңізші?”

Кеше Алматы қаласын дамыту және 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес кезінде Нұрсұлтан Назарбаев барлық облыс бойынша “Қазақстан Республикасындағы тiл туралы” Заңының сақталуын тексеруді тапсырған болатын.  “Адам орыс тілінде сауал жолдап, жауапты қазақ тілінде алып жататын жағдайлар туралы қауесеттер жетіп отыр. Прокуратура неге тексермейді? Егер адам орыс тілінде сұраса, жауап та орыс тілінде болуы керек. Президент Әкімшілігіне барлық облыс бойынша тексеруді тапсырамын. Бұлай жасайтындардың барлығын жұмыстан шығару керек”, – деген еді  Назарбаев.

Яғни, Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаевтың сөзінен шығатын қорытындыға қарасақ, кеше алдын ала Qazaquni.kz ұлттық порталы жазғандай, қазақ тіліндегі сауалға қазақ тілінде жауап бермегендер де жұмыстан шығарылады: “Ендеше, “Егер ол қазақ тілінде сөйлесе, ол жауапты қазақ тілінде  алуы керек.” Ал сіз қазақ тілінде сөйлесеңіз, сізге орыс тілінде жауап берсе, онда Президент айтқандай: “Бұлай жасайтындардың барлығын жұмыстан шығару керек!”  Ал бұған қазақ тілінің еліміздегі 134 тілдің бірі емес,  Конституция бойынша  МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ екенін де қосыңыз.  «ҚР Тілдер туралы»Заңның «Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап» деп аталатын 11-бабында:  «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi», -деп тайға таңба басқандай жазылған”.  http://www.qazaquni.kz/?p=46858

qazaquni.kz

Дереккөз:  kaz.tengrinews.kz

38 ПІКІРЛЕР

  1. Заң баршаға ортақ, өтініш тілінде жауап беру заңда көзделген. Сондықтан заң бұзғандар жауап беруі тиіс.

  2. қазақ тілі елімізде басты тіл бірақ орыс тілде қолдануымыз дұрыс, олда мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарда ресми түрде жаратылады

  3. Көпұлтты мемлекетте мұндай жағдайлар орын алатыны қалыпты жағдай! Елбасы қазақшаны ұмытыңдар деп отырған жоқ, керісінше барлық тілді жетік біліңдер деп отыр.

  4. Әрине, тіл мәселесі көпұлтты мемлекеттерде өзекті проблема. Сондықта бұған біржақты қарамай, жан-жақты қарауымыз керек.

  5. Осы сөзді әлеуметтік желідегі ағайын көп күтті. Міне әділдігі осы. Елбасы ана тілін аяқасты ететін азамат емес.

  6. Екі тілді де меңгеру керек мемлекеттік қызметкер. Біз көпұлтты мемлекетпіз. Сондықтан халық қай тілде сұрақ қйоса сол тілде жауап беруіміз керек.

  7. Бізде тіл туралы алаңдатушылық жоқ. Халық қазір екі тілде де еркін сөйлейді. Енді мем.қызметкерлерге бұл міндет болып табылады.

  8. Елбасы азаматтардың өтініштеріне жауап бергенде Тіл туралы заңның сақталуын айтып өтті.

  9. Сонда біз көп ұлтты ел екенбіз десек те мысалға бір тәжік келіп тәжікше арыз тастаса немесе тағы басқаша болса сонда қайран қазақтары тәжікше білмей сорлап жұмыстан шығып кете бередіме?

  10. Жалғыз қазақстан емес қой көп ұлтты мемлекет совет одағы емеспіз қазір орысша сөйлеп жазуға міндеттейтіндей ол кезде орысша сөйлеп жазуға міндеттейтін

  11. Дегенмен байқамай айтқан сияқты ел басымыз жалпы қазақ халқып наразылықтарын білдіріп жатыр

  12. Орыс тілін алып тастау керек, ол қазақ тіліне бірінші кедергі. Орыс тілі бірге жүрсе, қазақ тілін өсірмейді, осыны қашан түсінесіңдер.

  13. Қазақ елі көп ұлтты емес онда , бір-ақ ұлт бар ол қазақтар. Ал қалған ұлттар бізге келіп қоныстанғандар.

  14. естиген халык шуламаганда айтылган созди кейбиреулер оз пайдасына жаратар еди, казир жастардын кози ашык кокиреги ояу . каны казак болса мундай жагдайда кашангы токтата аламыз

  15. Мысалы:əркім өз қалаған тілінде жауап алғысы келсе,мемлекеттік тіліміздің өзге тілдердің,əсіресе Орыс тілінің аяғының астына қайта тапталғаны деп білгеніміз жөн.Себебі қазақстандағы өмір сүріп жатқан халықтың кемінде 70%пайызы Орыс тілін қалайды да,жəне көбіне ыңғайлы тіл Орыс тілі,сондықтан олар əрине өздері тез түсіну үшін Орыс тілінде хаттар жолдайды Орысша жауап алу үшін,сосон бірдеме десең онсызда сылтау таппай жүрген Орысқұл қазақтар мен Орыстар басты қатырмаңдар,сендер Президенттің айтқанын неге тыңдамайсыңдар заң неге оқымайсыңдар деп жауап береді тіптен жақсы болды бұл мəселе оларға,Мемлекеттік тілді білмегендер мемлекеттік қызыметке қабылданбасын деген заңды баяғыда шығарып бекітіп тастағанда ендігі 70%пайыз еліміз тұрғындары Мемлекеттік тілде сайрап тұрушы еді,бұл ұлтқа бөлінушілік емес,олай сылтаурата салуға болмайды,қандайда бір мемлекет өз тілінде сөйлеуді талап етсе оған еш қандай мемлекеттер қарсы пікір айтпайды тіпті құптаушы еді,енді Орыстардың күні тіптен айы оңынан туғандай!

  16. Көп ұлтты емес әлемде санаулы ғана мемлекет бар. Жапония, Корея араб елдері сиақты. Қалған Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия, Германия Иран бәрі көп ұлтты, бірақ мемлекет құрушы ұлттың тілі ғана басымдыққа ие. Біз көп ұлттымыз деп жыртыла бермеңіздер, бір англияда 400 ден аса ұлт бар .

  17. Екі тілді де меңгеру керек мемлекеттік қызметкер. Біз көпұлтты мемлекетпіз. Сондықтан халық қай тілде сұрақ қйоса сол тілде жауап беруіміз керек.

  18. Заңның 1-бабында: «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi», -деп айтамыз да неге орыс тілінде жазылған құжаттарға қазақша жауап жазсақ жұмыстан босатылуымыз керек? Мүмкін орыс тілі мемлекеттік тіл шығар. Түсінбей отырмын. http://www.gu-gu.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif

  19. Оттапсынар акымақтар қазақтын мүддесін қорғай алатын біреүің жоқ орыс тілінде барлық дакумент алі ел басы ең алдымен қазақша сөйлесінші !!!

  20. Жүрегім және көнілім ауырады сырт елге күлкі болып жүрміз қазақ деген ел бар бірақ ана тілі жоқ дегенде жігерің жік болады қазақи бір ел басы керек бізге

  21. Өнкей жағымпаз қорқақ қазақ орыс тіліеен бас тартындар намысты болсандар қазақтар ал намыссыз ез дер сойлесін

  22. Қазақ ел болатын уақыт болмаған екен. Әйтпесе басқа демократиялық елдердегідей елбасының жуықтағы сөзінің ертеңінде-ақ халық жаппай көтеріліп, ақорданы екі күн қоршаса үшінші күні президент не тіл заңын өзгерттірер еді. Не мәселе ушығып Ресейге қашар еді.
    Осы жолы ел басы қазақтың өз мүддесін, тілін, елдігін қорғауға қаншалықты дайын екенін әдейі тексергендей болды. Реакциясын байқады. Фейсбукте ғана біраз адам дүрлігіскені болмаса көшеге ешкім шықпады. Дабыл қағылмады. Бұл ұлтым деген азаматтарға да сабақ болды. Халыққа әзір қазақ тілі қажет емес екен. Ешкімде оны қорғайық деген ниет те жоқ екен. Мәңгүрт қазақ бас шұлғып қала берді.
    Жалғыз нәрсе анық болды. Халық өзі ниет қылмай қазақ тілі қолданысқа енбейді. Әйтпесе ширек ғасыр қазақ тілін үйренуге ешкімге ешқандай тыйым салынған жоқ. Керіснше жан-жақты қолдады. Қаражат шығарып үйретті. Қор, ынжық, ез, сатқын қазақ өз тілін өзі үйренгісі келмеді. Осы қалпымен 2020 жылы да қазақ бола алмасы анық. Зорлап үйретуге қазақ ұлтының өзінің қазіргі дүбәра халі, намыссыздығы бөгет болады. Ресейден таяқ жеп барып кекілділер құсап бірдеңе ұқпаса. Бірақ ондай жағдай боп кетсе өзі жетпіс-ақ пайыз қазақтың жетпіс пайызы келімсектермен бірге қазаққа қарсы қару кезенуден тайынбайды. Менің көзіме жағдай осылай көрінді деп Монголиядан Самат агамыздын айтканы

  23. Ал енді осы мақаланы орысшаға аударып жазыңыздар. Неше күннен берi орыс тілді қауым көкiп қазақ ұлт өкілдерін кемсіту үстүнде. Солардың түйсігiне қонатын етіп насихаттаңыздар!

  24. Орыс ұлтына қазақ ешқашан қысым көрсеткен емес. Ондай байбалам салатындар қазақша үйреңгісі келмейтін, қазақстанның болашағына немқұрайлы қарайтын мәңгүрт қазақтар. Айналайын қазақтар өзіміз қазақша сөйлеп. Мемлекет қызметкерлерінен бізге қазақ тілінде жауаптасуын талап етейік. Заңды орындамаған қызметкелерді жұмыстан шығартуға күш салайық. Басқа ұлттардың құқына қол сұқпайық. Қазақша білмейтіндерге қазақ тілін үйренуге тегін көмектесейік.

  25. Ия коп жерде шугал ойлап адасып жатамыз, осы жерде Бир досымнын айткан сози есиме тусип отыр, Адамдар туралы жаксы ойда болайыкта деген, дурыс болды куанып отырмын занды окып журу керек екен. Биздин ел басы нагыз ел басы, Аллам узак гумыр берсин.

  26. Қазақ тілі жасасын тек қазақша Қазақстанда басқа тіл керек емес ешкімге жалтақтаудың керегі жоқ ойна Қазақ ешкімге және еш тілге тәуелді болайық! !!!!!!!!!!!!!!

  27. 25 жылда мемлекеттік тілді білуді талап ететін кез келді. әлі қанша жыл қаражат жұмсалады. ниеті бар адам қазақ тілін демей ақ қояйын, мемлекеттік тілді үйренсе болады. бірақ ол үшін жоғарыдан талап етілетін бір бет парақ түспей тұр, себебі жоғарыдағылар қаламайтыны анық көрініп тұр. мемлекеттік тіл деп шырылдаған патриоттар саусақтың ұшымен санағандай. талап және қадағалау керек, тиімдісі және нәтиже беретіні осы жол. Талап және бақылау

  28. Биз коп улттымыз деп сылтауратканды койакшы,мемлкеттик тил ол кай жердеде басым,кай жердеде барлык тилден жогары туру керек.онсызда бейшара боп жаткан ана тилмызды айакка таптай берменыздер!!

  29. Қазақ тілін үйрену қиын болса тілмаш арқылы сөйлеуге рухсат берейік, жумыс көбейеді.

  30. Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Facebook желісіндегі Ақорданың арнайы парақшасында президенттің тіл туралы айтқан сөзіне қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
    Пікірді Елбасының өз аузынан естуге бола ма?

  31. Елбасының сөздері өзге ұлт өкілдеріне дем берді.Кеше ғана біреуімен сөзге келіп қалдым. Бірақ барлық орыстар сондай деп ойламаймын. Мәселе өзімізде болып тұр. Бізде бір балабақшаның орыс тобында 25 бала бар.Оның 4-уі орыс,қалғандары өзіміздің қазақ балалары, Сол топты қазақша топқа айналдыруына қазақ ата-аналары қарсы. Неге? Мемлекеттік тілдің болашағына сенім жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз