ІІМ басшысы Жамбыл облысындағы жағдайға қатысты түсінік берді

15
162

 

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

«Қазір жағдай қалпына келтірілді. Меніңше, диаспоралар мен жергілікті билік түсіндіру жұмыстарын жүргізді, әкімдік пен құқық қорғау органдары шара қолданып жатыр. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды. Бізде ұлттық ұланымыз бар, ол күшейтілген нұсқаға өтті. Күдіктіге күзет қойылды. Бүгін оны қамау туралы мәселе шешіледі. (…) Барлығы бақылауда, ол жақта ешқандай да режим енгізген жоқпыз», – деп хабарлады ІІМ басшысы.

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қызметінің күшейтілген нұсқасының қашан алып тасталатыны жайлы сұраққа Қасымов 1-2 күннің ішінде екенін айтты. «Меніңше, бұл жеткілікті», – деп түсіндірді министр.

«Бұл тұрмыстық қылмыс, меніңше. Қылмыскер кінәсін мойындап отыр, барлық сараптаманы өткізгенде тергеу қиын болмайды деп ойлаймын, біз істі сотқа жылдам жібереміз», – деді ол.

Министр бұл жағдайда ұлттық араздықтың жоқтығын атап өтті. «Оның үстіне бұл осы істе жоқ. Мен осыны мәлімдеймін», – деп қорытындылады ІІМ басшысы.
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/m-basshyisyi-jambyil-oblyisyindagyi-jagdayga-katyistyi-tusnk-268058/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

15 ПІКІРЛЕР

  1. Жағдайдың реттелгені дұрыс болыпты. Ұлтаралық дау деп өршітпеу керек мұндай жағдайды.

  2. Министр мырза ұлттық араздықтың жоқтығын мәлімдеп отыр, сондықтан тыныштық сақтауымыз керек

  3. Тіргеу жұмыстары біткен сон, күдіктіге қатан жаза қолданылады деп ойлаймын, ұлтың қатысы жоқ, әр адамнын басынан өтуі мүмкін

  4. Мен тан қалып тұрғаным ол осылайша ақсақалдарымызды тындап отырғаны жастарымызды.

  5. Құзыретті органдар қажетті шараларды қабылдап жатыр, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Сабырлы болайық, ағайын

  6. Жағдай тынышталды. Енді дүрліктіре беруге болмайды. Халық көтерілетіндей жағдай емес. Қылмыскер өз жазасын алады.

  7. Сабырлық керек. Біз қашанда кешірімді халықпыз. Жазықты адамды заңды түрде айыптайық. Ал ол қылмысқа қатысы жоқ жандарға кедергі келтірмейік.

  8. Неге бір адам үшін бәрін кінәлауымыз керек? Бұл сауатсыздық қой. Жазықсыз отбасылардың не кінәсі бар?

  9. Бұл жағдайда жаппай көтеріліске шығатындай дүние көріп тұрғаным жоқ? Бір қазақ бір қазақты өлітірп жатыр ғой. Бұл қылмыстың одан не айырмашылығы бар?

  10. Бір қылмыскер үшін ұлттың бәрін кінәлі деп санау дұрыс емес әрине, тек қылмыскерді заңды түрде қатаң жазалау керек

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз