Алматы облысында кесар тілігін жасаған дәрігерлер науқастың ішінде майлығын ұмытып кетті

1
197

Алматы облысының тұрғыны Меруерт Құрманова кесар тілігі отасын жасатамын деп өмірмен қош айтыса жаздады. Ота сәтті жасалғанымен, дәрігерлер науқастың ішінде майлықты ұмытып кеткен деп хабарлайды NUR.KZпорталы 31 арнаға сілтесме жасап.

Іші бір ай бойы ауырып келген келіншек, енді біраз кідіргенде кеш болатын еді.

Меруерт Құрмановаға Ескелді ауданының орталық емханасында кесар тілігін жасаған. Бас дәрігер жасаған отадан кейін, келіншек іші қатты ауыратынын айтқан. Алайда ақ халаттылар оны үйіне қайтара салған.

Кейін келіншек Талдықорғанда тағы бір тексерілуді жөн көреді.

«Мен Талдықорғанда МРТ-ға түсіп, нәтижесін естігенде есеңгіреп қалдым. 10/10 өлшемді майлық осы уақтықа дейін менің ішімде жатқан екен», – дейді Меруерт.

Зардап шегуші тағы да ота жасатып, үш апта жансақтау бөлімінде жатқан. Ескелді ауданының ІІД-і қылмыстық іс қозғады. Сот медицина сараптамасы асқынуға адами фактор себеп болғанын көрсеткен.

Кешкі уақытта, демалыс күні ота жасағандықтан осылай болды деп ұйғарған сот Меруертке тек жеңіл дәрежелі нұқсан келді деп шешкен. Іс жабылып, емхана қызметкерлері зардап шегушінің айығуына бар күштерін салғандарын, тегін емдегендерін алға тартты. Ал ота жасағандар сөгіс алған екен.

«Бұл техникалық қателік деп саналады. Оны әдейі істеген жоқ. Ол ешқандай мүгедек емес. Барлық мүшесі сау. Қанағаттанарлық күйде емханадан шығарылды», – дейді аталмыш емхана директоры Роза Ибраева.

Қоғам белсенділері бұған оташыдан бөлек, ота медбикесі де жауапты екенін айтуда. Медбике отадан кейін барлық құрылғылар мен заттардың орнында екеніне көз жеткізуі тиіс, егер зат өз орнында болмаса, ота аяқталды деп саналмайды екен.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз