Мамытбеков 800 теңгеге сатылып жатқан қияр бағасынан шошынды

1
170

Оңтүстік Қазақстан облысына іс сапармен барған Ауылшаруашылығы министрі Асылбек Мамытбеков өңірдегі жылыжайларды аралады – деп хабарлайды BNews.kz.

Министр сапары барысында жаңа технологиямен салынған «Казагроном» және «Ифтихари» жылыжай кешенінде болып, оның жұмысымен танысты.

«Оңтүстіктің шаруалары қиярды өндіріп, оны 400-420 теңгеден нарыққа шығарғанмен, еліміздің басқа аймақтарындағы оның саудалану бағасы 800-900 теңгенің айналасында болып жатыр. Есептесек, қиярды республикамыздың өзге өңірлеріне апару шығыны көкөніс келісіне 20 теңгеден түсіп отыр. Онда неге баға қымбат? Себебі, арадағы делдалдар мен жол шығыны, бақылау бекеттеріндегі кедергілер, сонымен бірге, саудагерлердің арасында бәсекелестіктің жоқтығы сынды проблемалар осындай олқылықтардың орын алуына әкеп салуда. Ал бұл мәселелерді жалпы мемлекеттік органдар бірлесе шешу қажет», – деді министр Мамытбеков.

Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған «КазАгроном» ЖШС-гі өткен жылы 520 тонна қияр өнімін өндірген. Оның 50 тоннасын Ресейге экспорттаса, 100 тоннаға жуығын өзге аймақтарға жіберген. Испаниялық компанияның заманауи жабдықтарымен жабдықталған жылыжай 50 адамды жұмыспен қамтып отыр.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз