Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева қазақстандықтарды салықтан жалтармауға, «сараңданбай», табысынан бюджетке бөліп беруге шақырды деп хабарлайды жергілікті агенттіктерне сілтеме жасап Азаттық.

«Ар-ұят болу керек, сараңданбай, бөлісу керек, президентіміз айтқандай, салығын төлеп, ұйқың тыныш болуы қажет», – деген Назарбаев.
Назарбаеваның пікірінше, Қазақстанда 2017 жылға қарай өтуді жоспарлап отырған медициналық сақтандыру жүйесі өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтарды көлеңкеден шығаруға көмектеседі. Себебі өзін-өзі қамтамасыз ететін тұрғындарға сақтандыру полисі берілмейді.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 2015 жылдың соңында 2 миллион 339 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндер ретінде тіркелген. Ал экономикалық белсенді тұрғындар саны тоғыз миллионнан асқан. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін тобына тұрақты жалақысы жоқ, сауда-саттықпен айналысушылар мен ұсақ саудагерлер жатады. Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылдың үшінші тоқсанында ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер көрсеткіші 4,2 пайызды құраған.
Ел ішінде жүріп тапқан ақша, осы елдің арқасында тапқан ақша, елдің игілігі үшін салықтан қашуға болмайды.