Жанжал шығарып елді шулатқан танымал жұлдыздар

1
427

Отандық танымал тұлғалардың арасында да өзін елден ерек ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзып жататындары бар. Біреулер мұны «жұлдыз» ауруы деп түсінсе, енді бірі келеңсіз жайт кез-келген адамның басынан өтетінімен түсіндіреді.

NUR.KZ жұрт алдында жанжал шығарып, елді шулатқан танымал тұлғаларды назарларыңызға ұсынады.

Нұржан Төлендиев

Ел ішінде «Тука» аталып кеткен актер Нұржан Төлендиев біраз жыл бұрын қыз зорлады деген күдікпен ұсталып, жұртты дүрліктірген еді. Актердің өзі жеке басына қатысты мұндай масқараны мойындаған жоқ және БАҚ беттеріндегі мағлұматтарды жоққа шығарды.

«Айдалада жүрген біреудің әлпештеп отырған қарғадай қызын менімен қосып, атын бүлдіріп не көрінді бұл елге? Ойласам, күйіп кетем. Көп болса, менің баламнан екі-үш жас үлкен қыз ғой. Нақақтан-нақақ адамды күйдіруге болмайды, – деген еді Нұржан сол оқиға жайында.

Мақпал Жүнісова

Халық әртісі Мақпал Жүнісованың да мас күйінде жанжал шығарған екі видеосы ғаламторға таралып, көпшіліктің талқысына түскен еді. Бір видеода әнші жас жігіттермен ішімдік ұрттап, балағат сөз айтып тұрса, екіншісі видеода оқиға әуежайда орын алған. Онда Мақпал Жүнісова билет көрсетуін талап еткен әуежай қызметкерлерімен керісіп қалған.

Бейбіт Қорған

Фото: baistars.kz

Бейбіт Қорған 2010 жылдың қазан айында Атыраудан Алматыға келе жатып ұшақ ішінде спортшы жігіт Айдар Дауытовпен ілігіседі. Оның айтуынша, әнші әрдеңені бір айтып, шуылдап, қасында отырған спортшыға маза бермейді. Спортшы ескерту жасағанда, әнші оған боқтық сөз қайырады.

Ұшақтан түскен соң, спортшыны қасында білек сыбанған оншақты жігіт бар, Бейбіт Қорған күтіп тұр екен. Әлгілер сөзге келмей  спортшыға жабылып, тепкілеп тастайды. Бұл төбелес Алматы әуежайының бақылау камерасына жазылып қалған.

Тағы бірде Атырауға концерт қоюға барған Бейбіт Қорған жергілікті «Ақ жайық» газетінің тілшісі Айнұр Сапарованы әртістер киініп-шешінетін бөлмеге қамап, зәбір көрсеткен. Соққыдан ерні гүп болып ісіп, тізесі жарылған журналист полицияға шағымданған. Бірақ, нәтижесінде тергеу ісі аяқсыз қалған көрінеді.

Қайрат Нұртас

2013 жылдың 31 тамызында Қайрат Нұртастың Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда орталығында болған концерті дау-жанжалмен аяқталды. Әнші сахнада пайда болысымен көрермендер қорғаныш заттарды бұзып, сахнаға қарай ұмтылған. Әнін аяқтамастан сахнадан кетіп қалған Қайратқа ашуланған көрермен полицейлердің патрульды машинасын өртеп, аппаратураны талқандаған.

Жадыра Құтпанова

Фото: bnews.kz

2014 жылы «Дауыс International» тобының экс-мүшесі, әнші Жадыра Құтпанова көлікті мас күйінде басқарған жерінен полицейлердің қолына түскен еді. Әнші Бостандық ауданы ІІБ ғимараты алдында мінезін көрсетіп, бір тәртіп сақшысының киімін жыртса, келесісінің қолынан тістеп алған. Кейіннен әртіс үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Әсел Сәдуақасова

Бірер жыл бұрын Әсел Сәдуақасовадан айнымайтын бойжеткеннің жалаңаш суреттері ғаламторда тез таралып, әншіні жағымсыз жағдайға қалдырған болтан. Әсел Сәдуақасова кадрдағы қыздың өзі еместігін баяндап, бұл әрекетті қастандық ойлаушылардың тарапынан шыққан арандатушылық деп атады.

Сәдуақасованың басына қатысты тағы бір даулы оқиға, бұрынғы күйеу жігіті Асылжан Рақышев әншінің сеніміне кіріп, жалған құжаттар жасау арқылы оның екі үйі мен автокөлігін өзіне рәсімдеп алған көрінеді. Ал Сәдуақасова төрт ай бойы әділдік үшін күресіп, жылжымайтын мүлігін қайтарып алуға тырысқан болатын.

Бақтияр Артаев

Фото: news.meta.ua

2014 жылы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қызға қол жұмсады деп күдікке ілінген еді. Жәбірленуші бойжеткен Айсұлу Ыбырашеваның айтуынша, оқиға Астанадағы Fashion түнгі клубында болған.  Оқиға болған көңіл көтеру орнының күзетшілері қыздың айтқандарын жоққа шығарған. Олар Артаевтың қызды ұрғанын көрмеген. Осыдан соң, спортшыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылған еді.

Бауыржан Ибрагимов

Фото: matritca.kz

Отандық әртіс Бауыржан Ибрагимов те осы жылы бейәдеп қылығымен жұрттың назарына іліккен еді. Әлеуметтік желілерде таралып кеткен видеода Ибрагимов өзіне қонақ үйде орын жоқ екенін айтқан қабылдау бөлмесіндегі бойжеткенді аяусыз сөзбен сыбаған. Қыз балаға былапыт сөздерді жаудырған әртістің әрекетін желі қолданушылары сынға алды.

 

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

  1. Оларда адам ғой, оларға адам ретінде қарау керек. Өзің қандайсың оларда сондай.http://www.gu-gu.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз