Жамбыл облысында бала өліміне күдікті қамауға алынды, деп хабарлады Байзақ аудандық сотының судьясы Аңсабек Назарқұловқа сілтеме жасап ҚазТАГ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында жеке тұрғын үйде кәмелетке толмаған А.Дүйсенбек деген баланың өлі денесі табылған. Кейін күдікті К. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, ол қылмысын мойындады.
Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлімі 14 бабы бойынша тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетсек, Жамбыл облысында ұрлыққа түскен жасөспірім кішкентай баланы өлтіріп кетіп, бала өлімінен кейін тұрғындармен жиналыс өтіп, жедел штаб құрылып, тергеу барысы ерекше бақылауға алынған еді. Кейін адам өлтірді делінген күдіктінің отбасы баланың туыстарына өз үйін беретін болып, келіскен. Ал күні кеше Министр Қалмұханбет Қасымов Бурыл ауылында арнайы әскер қоршауы алынып, жағдайдың қалыпқа түскенін мәлімдеген еді.
Жазалау керек, Ата-анасы жауап береді ғой …