Мәжіліс депутаты болуға үмітті ең жас кандидат 26 жаста

14
283

Биліктің жергілікті өкілдік органдарының алдағы сайлауына әйелдер саяси белсенділік танытуда. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

Мәжіліс депутаты болуға үмітті ең жас кандидат 26 жастаФото: vladnews.ru

«Орталық сайлау комиссиясы 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеді. Олардың ішінде 187 немесе 79,9 пайызы ер адам және 47 немесе 20,1 пайызы әйел адам. 233 кандидаттың жоғары білімі бар. Әрбір төртіншісі – инженер, ал әрбір бесіншісі экономист немесе заңгер. 67 кандидат (28,6 %) беймемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, 47-сі (20,1 %) – V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы – 52 жас, ал олардың ең жасы – 26 жаста», – деді ол.

ОСК баспасөз қызметінің нақтылауынша, 26 жастағы кандидат «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылып отыр. Ол Қызылорда локомотивтік-пайдалану депосы машинисінің көмекшісі – Геннадий Шиповских.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

14 ПІКІРЛЕР

  1. Бәрі де лайықты кандидаттар, бірақ ең мықтылар жеңіп шығады! Сәттілік!

  2. Орта жасының төмен болуы кандидаттардың көпшілігінің жастар екенін көрсетіп тұр. Білікті, тәжірибелі және жаңа идеялы азаматтар елді алға сүйрейтініне сенімдімін. Барлығымыз сайлауға қатысып, дұрыс таңдау жасайық!

  3. Мәселе жаста тұрған жоқ. Бастысы ол адам елі үшін жұмыс жасауға құқылы. Депутаттық команданың әр буынның өкілдерінен құралғаны жақсы.

  4. Саясатқа ертеден араласып жатыр екен. Бірақ жиыр алты жасты жас дей алмаушы едім. Аталарымыз мұндай кездін болыс, би болған кезінде.

  5. Жастардың саяси ортаға белшене араласып жатқандары үшін өз басым қуаныштымын. Бұл біздегі сайлау туралы заңның дұрыстығын көрсетеді.

  6. Жас болса да бас болып ел үшін маңызды кезеңде өз бағын сынауға кірісіпті. Жастардың белсенділігі қуантады.

  7. Партиялар кандидаттардың сапасы мен біліміне мән берді деп ойлаймын. Бұл біздің елміз үшін өте маңызды.

  8. Жастардың да парламентке сайлануы дұрыс деп ойлаймын. Парламентке креативті, жігерлі жастар керек!

  9. Ең бастысы, жаңарған Мәжіліске білікті мамандардан тұратын депутаттар келіп, жаңарған құрам арқылы кез келген қатерлерге қарсы тұруға ұмтылу аса маңызды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз