Жамбыл облысында өлтірілген баланың ата-анасы ұсынылған үйді алудан бас тартты

2
255

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында өлтірілген баланың ата-анасы жергілікті түрік бірлестігінің өкілдері ұсынған үйді алудан бас тартты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында өлтірілген баланың ата-анасы ұсынылған үйді алудан бас тарттыҚаза болған баланың отбасына ұсынылған үй

Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов хабарлады.

Әкімнің орынбасары ақсақалдардың кешірім сұрап, қаза болған баланың отбасына үй ұсынғанын айтты.

«Алайда баланың ата-анасы бас тартты. Негізінде, оларды ешкім бұл үйді ал деп міндеттей алмайды. Бірақ тілектестік ниеттен барлық шараны, жерлеу рәсіміндегі шығынды өтеп беруді сұрағандарын білемін, мен өзім куә болдым. Бүгінде отбасы үйден бас тартты, бұл олардың еркі», – деді Манжуов.

Жамбыл облысында өлтірілген баланың ата-анасы ұсынылған үйді алудан бас тарттыӨлтірілген баланың үйі

Жамбыл облыстық ІІД тонау кезінде өлген бала туралы істі тергеп жатыр. 2016 жылы 15 ақпанда сағат 17.00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған Дүйсенбек А. С. есімді баланың денесі табылған. Денеден зорлық белгілері анықталған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз