Хан Кененің Батыс Сібір генерал губернаторына жазған хаты

2
329

 

1152Сіздің назарыңызға келесі мәселені жеткізгім келеді. Менің бар тілегім, шекараның екі жағындағы қарапайым халықтың тыныш өмір сүруі. Бірақ сіз менен күдіктеніп, қарамағыңыздағы халықты өзіме қараттым дейсіз. Мен керісінше ойлаймын, сіздер атам Абылайдың жеріне дуандар салып, халықтан салық алып отырсыздар. Сондықтан кемсітіп отырған сіздер. Еркіміз жоқ, салық төлеу мүмкіншігім келмей қиын жағдайдамыз. Мысалы Ресей жерін басқа біреу жаулап алса қайтер едіңіздер, осыны қаперлеріңізде ұстаңыздар. Әрине, мен Баянауыл, Қарқаралы, Ақмола аймақтарында мекендеген жұртты өз қарамағыма алдым. Әлі де барлық қазақ халқын өзіме қосып алу ниетім бар. Бірақ қазақ халқы үшін өз ата-қоныстарында қалу тиімдірек, және осы кезде екі халықтың арасындағы жағдай да тыныш болар еді. Менің естуім бойынша, сіздердің мақсаттарыңыз Қоқан мен Бұхарлықтарды бізге қарсы қойып, арамыздағы байналысты үзу. Дегенмен мен бұл мұсылман халықтарға өтініш айтсам, олар бізге шариғат заңы бойынша көмек беруі тиіс болады.

Ең дұрысы бейбіт өмір сүру. Бірақ дуан бастықтары өздерінің жиындарына бару үшін қазақтардың  жылқыларын тартып алып жүр, келгеннен кейін қайтармайды, тіпті соңғы тұяқтарына дейін айдап алып кетеді. Халық арыз жазғанымен, еш өзгеріс жоқ. Патшаларыңның заңдары бар емес пе? Адамды тонауға, өлтіруге және тұтқынға алу тыйым салынған. Бірақ бұл тыйымды ешбір басшы елемейді. Бір ғана мысал: Төрткүл болысында Азнабай мырзаның бір әйелі, екі келіні, қызы және кіші әйелі тұтқындалқан және әлі күнге дейін қай жерде екені белгісіз.

Сіздермен әр кез тек достық қарым-қатынаста болуды тілегенімнен, мына өтініштерімді жеткізгім келеді: 1. Ақтау бекінісін жою; 2. Далада бой көтерген өзге  мекемелерді жабу; 3. Ақмола дуаның жою; 4. Тұтқында отырған барша адамдарымызды босату.

Едіге Уәлиханов “Кенесары”. 2004 жыл. 17-бет.
аударған Рүстем Нүркен.
Дерек көзі: namys.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз