«Оппозициялық жалғыз партия» жетекшісі Жармахан Тұяқбай

30
832

ЖСДП жетекшісі Жармахан Тұяқбай өзінен кейін жоғары лауазымдағы қызметкерлерден оппозицияға ешкім өтпегенін айтады. Алайда оны «оппозицияның сәтсіз жетекшісі» деп санайтындар да бар.


Жармахан Тұяқбай ЖСДП съезінде отыр. Алматы, 30 қаңтар 2016 жыл.

Жармахан Тұяқбай ЖСДП съезінде отыр. Алматы, 30 қаңтар 2016 жыл.

Жоғары биліктегі дәрежесі жағынан үшінші лауазым саналатын мәжіліс төрағасы қызметін атқарған, 2004 жылы қыркүйекте өткен парламент сайлауынан кейін «Отан» партиясының тізімінде бірінші тұрған, мәжіліс төрағасы қызметіне қайта сайлану мүмкіндігі болған саяси тұлғаның небәрі бірер күнде оппозиция қатарынан шығуы қарапайым адамдарды таңдандырған.

ТҰЯҚБАЙ – ОППОЗИЦИЯНЫҢ ОРТАҚ КАНДИДАТЫ

Іле-шала президент сайлауына (2005, желтоқсан) оппозиция атынан түскені де, одан берідегі 10 жылдан астам уақыт ішінде түрлі саяси акцияларға үн қосып, билікке қарсы үндеу жасағына да, тіпті соңғы жылдары ресми тіркелген жалғыз оппозициялық партия жетекшісіне айналғаны да «Жармахан Тұяқбай шынайы оппозиция өкілі ме, жоқ па?» деген күдікті сейілтпеген.

Жармахан Тұяқбай ақпарат құралдарына берген сұқбаттарында «мұндай «арандатушы» сауалдарға» бірнеше рет жауап та берді. Оның сөзіне қарағанда, «биліктің әділетсіздігіне әрі қарай төзу мүмкін болмағандықтан» оппозицияға өткен. Бірнеше жылдан кейінгі сұқбатында «бұл ісіне өкіне ме, жоқ па?» деген сауалға біраз ойланып барып «болар іс болды» деген еді.

Мәжіліс сайлауы әділетсіз өткені туралы мәлімдеме жасағанымен, бастапқыда «Отан» партиясында (қазіргі «Нұр Отан» – ред.) қала беретінін айтқан Жармахан Тұяқбайдың ізінше оппозиция қатарына қосылуын мәжіліс сайлауынан соң көп ұзамай екіге жарылған «Ақ жол» партиясының бір қанаты қолдаған еді. Ізінше «Нағыз Ақ жол» партиясына айналған бұл «қанат» 2005 жылы өткен президент сайлауында Жармахан Тұяқбайды жақтады.

Әуелі Заманбек Нұрқаділовпен, кейін Жармахан Тұяқбай партиясында жұмыс істеген белсенді Жұмаш Кенебай оның оппозицияға өтуін «Отан» партиясы тізімімен депутаттыққа өткенімен, уәде етілген мәжіліс төрағасы қызметі берілмейтіні белгілі болғанда екіұдай күйге түскен Тұяқбайды «Ақ жол» партиясы жетекшілері оппозицияға шақырды» деп сипаттайды.

«Әділетті Қазақстан үшін» сайлауалды блогының жетекшілері (солдан оңға қарай): Ораз Жандосов, Заманбек Нұрқаділов, Жармахан Тұяқбай, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбілов, Асылбек Қожахметов және Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 2005 жыл.

«Әділетті Қазақстан үшін» сайлауалды блогының жетекшілері (солдан оңға қарай): Ораз Жандосов, Заманбек Нұрқаділов, Жармахан Тұяқбай, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбілов, Асылбек Қожахметов және Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 2005 жыл.

2005 жылы наурызда Қазақстан демократиялық күштері үйлестіру кеңесі президент сайлауына Жармахан Тұяқбайды «ортақ кандидат» ретінде ұсынды. Шешім сол кездегі («Ақжол», ДВК, компартия – ред.) оппозиция ұйымдарының «Әділетті Қазақстан үшін» блогы атынан жарияланды.

Блоктың сайлауалды кеңесіне Серікболсын Әбділдин, Болат Әбілов, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Заманбек Нұрқаділов, Әміржан Қосанов сияқты саясаткерлер мүше болды. Олардың блок кеңесі төрағасы ретінде Жармаған Тұяқбайды сайлағаны да хабарланды.

Бірақ белсенді Жұмаш Кенебай 2005 жылы Нұрқаділовтің оппозиция атынан сайлауға түскісі келгенін, бірақ Тұяқбаймен келісе алмағанын айтады. «Нұрқаділовтің сайлауға қатысқысы келетіні жайлы сәлемін Тұяқбайға өзім жеткізген едім» деп еске алған ол:

– Тұяқбай Нұрқаділов сәлеміне тұщымды жауап қайтармады. Мәселені өзі шешпейтінін, шешімді «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы кеңесі қабылдайтынын айтты. Бүйтіп бас тартуды Заманбек Нұрқаділов Алтынбек Сәрсенбайұлынан көріп, қатты ренжіді, – дейді.

Кейіннен оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин Азаттыққа «Алтынбек Сәрсенбайұлы екеуміз жақын араласып жүрдік. Жармахан Тұяқбайды ортақ кандидат ретінде бірігіп ұсынған едік» деді.

Заманбек Нұрқаділовтің музей үйінде тұрған фотография. Суретте: сол жақта - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, оң жақта - Заманбек Нұрқаділов.

Заманбек Нұрқаділовтің музей үйінде тұрған фотография. Суретте: сол жақта – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, оң жақта – Заманбек Нұрқаділов.

Ал «Әділетті Қазақстан үшін» блогы мүшесі болған Амангелді Керімтаев «Нұрқаділовтің сайлауға түспек ойы болған, бірақ ол орталық кеңес шешіміне бағынды, өйткені оппозиция Тұяқбайдың мәжіліс спикерлігінен оппозицияға өткенін жоғары бағалады және соны пайдаланғысы келді» дейді.

Жұмаш Кенебай және кейбір сарапшылар «Әділетті Қазақстан үшін» біріккен оппозициялық қоғамдық блогы атынан президент сайлауына алғаш қатысқан Жармахан Тұяқбай Нұрсұлтан Назарбаевтан жетекшілік қабілеттері тұрғысынан кем түсетінін оппозиция өкілдері алдын ала сезгенін, кандидат ретінде Тұяқбайды ұсынғандарына сайлаудан кейін өкінгендерін айтады.

ПРЕЗИДЕНТПЕН ЖАСАЛҒАН «ДЖЕНТЕЛЬМЕНДІК КЕЛІСІМ»

2005 жылғы президент сайлауынан жарты ай бұрын Заманбек Нұрқаділовтің қастандықпен өлтірілуі наразылық туғызғанымен, Жармахан Тұяқбай бастаған оппозициялық күштер билікпен ара қатынасын шиеленістірмей сайлауға дейін жетіп, жеңілді. Сайлаудан бір ай өте Алтынбек Сәрсенбайұлы оққа ұшқанда да билік қауіптенетіндей қарсылық шерулері өткен жоқ, оппозиция шағын акциялармен шектелді. Оппозициялық күштердің мұндай «әлсіздігі» басқа жетекшілерімен қатар, Жармахан Тұяқбайдың атына да сын пікірлерді көбейтті.

 

2007 жылы, ЖСДП (Жалпыұлттық социал-демократиялық партия) партиясын құрар қарсаңда, Жармахан Тұяқбайдың президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болуы оның оппозицияшылдығына деген күдікті қоюлата түскен. Жармахан Тұяқбай туралы интернетте жарияланған, Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерінің кейбірінің дауыстарына ұқсайтын диалогтар «Жармахан Тұяқбай биліктің оппозицияға жіберген адамы» деушілерді айтарлықтай сендірген еді.

Қазақстанның экс-премьері Нұрлан Балғымбаевтың жерлеу рәсімінде қазіргі премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қасында (сол жақта) тұрған Балғымбаевтың құдасы Жармахан Тұяқбай. Атырау, 16 қазан 2015 жыл.

Қазақстанның экс-премьері Нұрлан Балғымбаевтың жерлеу рәсімінде қазіргі премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қасында (сол жақта) тұрған Балғымбаевтың құдасы Жармахан Тұяқбай. Атырау, 16 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев қуғынға ұшырағаннан кейін жарияланған бұл диалогтарда «Жармахан Тұяқбайдың президент қабылдауына сұранып жүргені, оған қаржы берілгені» жайлы айтылады.

Жармахан Тұяқбай бұл жайтқа қатысты пікірін бірнеше рет айтқан. Ол «ЖСДП партиясын тіркеу, тағы да басқа өзекті мәселелер бойынша» президентпен кездескенін растағанымен, «екеуара әңгімені бүге-шігесіне» дейін айтуға «джентельмендік келісім жібермейтінін» мәлімдеді. Тұяқбайдың сөзіне қарағанда, «кездесу президент Назарбаевқа жайсыз тиген».

Жармахан Тұяқбай өзін «билік жобасы» деген айыптаулардың «қисынсыз» екенін бұдан кейін де бірнеше рет мәлімдеді.

«АЗАТПЕН» АЖЫРАСУ»

Жармахан Тұяқбайға қатысты даулы жайттардың бірі ЖСДП партиясының «Азат» партиясымен бірігіп, қайта бөлінген кезінде шықты. 2007 жылы парламент мәжілісінің сайлауына бір блокқа бірігіп, қайта ажырасқан екі партия 2009 жылы күзде бір партияға бірігетінін жариялағанда «оппозиция тегеурінді күшке айналады» деп болжағандар болған.

Жармахан Тұяқбай да, Болат Әбілов та екі партияның «түпкілікті біріккенін, енді келіспеушіліктер болмайтынын» мәлімдеген. Қос партияның құрылтай съезіне ғарышкер, мәжіліс депутаты Тоқтар Әубәкіров қатысып, «өзі армандаған халықтық партияны тапқанын» мәлімдеген. Алайда біріккен партияның қайта тіркелмеуі арада бірер жылдан кейін саяси жетекшілердің араздығына ұласты.

"Қытай экспансиясына" қарсы митингте сөйлеп тұрған ЖСДП лидері Жармахан Тұяқбай (сол жақта) мен Болат Әбілов (ортада). Алматы, 28 мамыр 2011 жыл.

«Қытай экспансиясына» қарсы митингте сөйлеп тұрған ЖСДП лидері Жармахан Тұяқбай (сол жақта) мен Болат Әбілов (ортада). Алматы, 28 мамыр 2011 жыл.

Біріккен партия тіркелмей, саясаттан кететінін мәлімдеген Болат Әбілев 2005 жылы президент сайлауына кандидат ретінде қатысқан Жармахан Тұяқбайдың сайлау кампаниясына «қаржыны текке жұмсалғанына өкінетінін» білдіріп, Жармахан Тұяқбайды «басынан бақайшығына дейін шенеунік, рухы төмен адам» ретінде сипаттады, оның президенттікке ұсынылуы қателік болғанын» айтты.

ЖСДП-ның «Азат» партиясымен ажырасуы ұзақ жылдардан бері оппозицияда жүрген саясаткер Әміржан Қосановты 2013 жылы ақпанда өткен «құрылтай съезге» кіргізбеумен аяқталды. Жармахан Тұяқбай «Әміржан Қосанов партия жұмысына араласпады» деп айыптаса, ЖСДП-ны жаңарту жөнінде ұсыныс жасаған Әміржан Қосанов «өз мүшесін жиынға кіргізбей, жалған айып таққан Жармахан Тұяқбай бастаған топты демократ деуге болмайтынын» мәлімдеді.

«ОППОЗИЦИЯДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ПАРТИЯ»

«ЖСДП партиясындағы жұмысымды былтыр күзде доғардым» деген Жұмаш Кенебай «Жармахан Тұяқбай партия басшылығын жаңарту туралы ұсынысқа келісетін сыңай танытқанымен, іске асыруға құлшына қоймайды» деп санайды. Алайда оның пікірінше, «Жармахан Тұяқбайды биліктің жобасы деп айыптау қиын».

– Биліктің адамы болса қазіргідей күйде жүрмес еді. Әлі бірде-бір рет парламентке де өте алған жоқ. Дәл қазір партияны қаржыландыратын ақшасы да жоқ. Бірде-бір рет қарсылық акциясын өзі бастап шыққан емес, өйткені батыл қадамға барғызбайтын сақтығы күшті, – дейді ол.

Жармахан Тұяқбай 2011 және 2015 жылы өткен президент сайлауына қатыспады. Онысын саясаткер «сайлау саяси ойынға айналып кеткенімен, сайлау нәтижесі алдын ала белгілі» екенімен түсіндірді:

ВИДЕО: Жармахан Тұяқбайдың мәлімдемесі (2015 жыл):

(Видео көшірілмеді)
Бүгін, наурыздың 12-сіне Алматы қаласында оппозициялық жалпы ұлттық социал демократиялық партияның саяси кеңесінің отырысы өтіп, сәуірдің 26-сына кезектен тыс өтетін Қазақстан президенті сайлауына партия атынан кандидатура ұсынбайтынын мәлімдеді. Партия төрағасы Жармахан Тұяқбай нәтижесі алдын-ала белгілі сайлауға қатысудың мәні жоқ деп санайды.

 

​Оның бұл мәлімдемесін «жасанды қарсылыққа» жорығандар да болды. Бірақ оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин Жармахан Тұяқбайды «ел сенетін азамат» санайды. Оның сөзінше, кезінде өзі Жоғарғы Кеңес төрағалығынан оппозицияға кеткенде де күдіктенушілер болған. Жармахан Тұяқбай партия құрғаннан бастап Балташ Тұрсымбаев, Болат Әбішев, Серікбай Әлібаев, Петр Своик, Зәуреш Батталова, Уәлихан Қайсаров тәрізді бұрынғы депутат, кейінгі оппозициялық саясаткерлер айналасында жүрді.

Қазір Жармахан Тұяқбайдың ЖСДП партиясы мәжіліс сайлауына түсуге дайындалып жатыр. Бұл партияның 23 кандидаты көрсетілген тізімін Орталық сайлау комиссиясы ақпанның 11-і күні тіркеді.

Ал таяуда өткен съезінде Жармахан Тұяқбай «ЖСДП билікке оппозиция болып келе жатқанын» тағы бір қайталап, мәжіліс сайлауына жастарды көбірек ұсынатынын мәлімдегенімен, өз кандидатурасын съезд ұсынысымен қосып отырғанын айтты. Осы съезде мәжіліс сайлауына ЖСДП атынан ұсынылған жас кандидаттардың бірі, құқық қорғаушы Аслан Құрманбаев «ЖСДП құрамында жастардың көбейгенін» хабарлады. Оның сөзінше, «ЖСДП – қалай болғанда да Қазақстанда тіркеуде тұрған жалғыз оппозициялық партия».

Асылхан МАМАШҰЛЫ

http://www.azattyq.kz/content/kazakhstan_zharmakhat_tuyakbay/27565986.html

30 ПІКІРЛЕР

  1. Партияның қай-қайсысын алып қарасақ та, осал емес дей аламын. Сондықтан тым мақтамайық. Халыққа не істеді бұл партия, сол жағын ойланып көрейікші.

  2. Жармахан Тұяқбайдың жалғыз оппозициялық партиясының жеңіп шығатынына күмәнім бар. Партияны жаптым деп елді дүрліктіріп еді, енді алға жылжышулық байқала қоймас бұл партиядан

  3. Әр партияның ұстанған өз бағыт-бағдары бар халық өз таңдауын жасар. Бұл жолы бірдей 6 партияның ішінен мықтысын таңдауымыз қажет.

  4. Барлық партиялар сайлау алды насихат жұмыстарына қызу кірісіп жатыр. Барлығына сәттілік!

  5. Әрине оппозизиялық бағытты ұстанып, билікті сынға алып отыратын артия екендігіне күмәнім жоқ. Бірақ бұл сайлауда бәсеке жоғары, сондықтан халықтың ықыласын аударатын жұмыстарымен көзге түсуікерек деп ойлаймын

  6. Барлық партиялар жеңіске жетуге бірдей құқылы, ендішгі тек қана өз белсенділіктерін көрсетіп жұмыс жасаулары керек.

  7. Халық ақымақ емесқой, өз сөзін іспен көрсететін партияға даусымызды береміз, барлығын ақылға таразыға салып шешеміз

  8. ЖСДП-ның басты мақсаты билікке жету сияқты, неліктен сайлауалды бағдарламаны «билік» деген сөзден емес, «халық» сөзінен бастамасқа? Ең алдымен халықтың жағдайын ойлау керек, билікке жармаспай

  9. Партиялардың барлығы дерлік ел мүддесі жолында қызмет етіп жүр. Десе де бүгінгі кезеңде билік пен халықтың ортасына шырпы жағудың керегі жоқ.

  10. Барлығымыз ат салысып, даусымызды жұмысын жақсы атқарып жатқан партияға берсек, Қазақстанымыз әрі қарай дами түседі, барлығы өзімізге байланысты

  11. Халық онсызда кімнің қалай жұмыс жасап отқанын біледі? Елдегі саяси-демократиялық партиялардың ішінде жыл бойы үздіксіз қызмет етіп, сайлау кезінде де халық үшін барын жасайтындары бар.

  12. Өз басым елге қысылған шақта көмектесе білетін, алдында барған мәселеңді шешіп беретін партияға дауыс беремін. Маған жалқау партиялар керегі жоқ. Тек сайлау уақытында ғана оянатын.

  13. Кімнің халықтың ықыласына қаншалықты лайық екенін сайлау біткен соң көреміз. Қазір үгіт насихат кезінде қой терісін жамылудың керегі жоқ. Біз онсызда қай партия қай деңгейде жұмыс жасап жатқанын жақсы білеміз.

  14. Сайлауда кім жеңетінін уақытында көреміз. Десе де халықты құр уадемен алдамай, сайлаудан тыс кезде де дұрыс жұмыс жасауы керек бұл партия.

  15. Қазір барлығы өз программаларын алдымызға жайып іспен дәлелдейді, асықпай ойға салып ең өзекті проблемаларды шешу жолын көрсететін партияға дауыс берейік

  16. Ешкім басқаға қақпа бола алмайды аузына, әр адам өз басымен дос болып өзі шешім қабылдаса еліміз тыныш болады, сөзге еру деген ол ақымақтын ісі

  17. Өз басым Нур Отан партиясынан басқа партияны менсініп тұрған жоқпын, нағыз ісі сөзіне сай партия

  18. Қазір біздін ел кризиске қарамастан әлі де жаман емес , ол біздің Елбасының арқасы әрине, ал басқа қисық сөздерге еніп сенімсіздік білдірмейік ағайын

  19. Әр кім өз бетінше пікірн айтуға құқылы, не деймін, санасында не болса адам соны айтады, сабырлы болайық

  20. Аңсап қалмайық осы тыныш өмірімізді ау қазақ, бәле тілемей еңбек етейік

  21. Мені пенсия көтеріледі деген хабар қуантады, рахмет осындай қиын заманда бізді ұмыптағанынызға Елбасы

  22. Ауыл секторына көңіл көп бөлетін партияға даусымды беремін, тек құр сөз емес тірлік болса деймін

  23. Бәріне де теңдеій мүмкіндік беріліп отыр. Меніңше ең мықтылар суырылып шығады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз