Украина Назарбаевты ең жоғары деңгейде қарсы алуға дайындалып жатыр

4
249

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинаға мемлекеттік сапармен барады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебникке сілтеме жасап.

«Әр ай сайын президенттер мен премьер-министрлер телефон арқылы сөйлесіп тұрады. Осы жылдың екінші жартысына Қазақстан Президентінің Украинаға мемлекеттік сапары жоспарланды», – деді Лазебник Астанада өткен брифинг барысында.

Айта кетейік, Президенттің мемлекеттік сапары ең жоғарғы деңгейдегі сапар болып есептеледі.

Еске салайық, Украинаның президенті Петр Порошенко өткен жылдың қазанында Астанаға ресми сапармен келген болатын.
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ukraina-nazarbaevtyi-en-jogaryi-dengeyde-karsyi-aluga-268150/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Ең бастысы Елбасымыз баратын күнді белгілеу керек,ал талқылайтын тақырып табылады екі ел арасында.

  2. Екі ел президенттерінің кездесу барысында өзекті проблемалар талқыланып, шешімі табылады деп ойлаймын. Елбасымызға мың алғыс.

  3. Украина елі Қазақстан үшін жақсы әріптес ел. Сондықтна да біздің экономикалық байланыстарымыздың қарқынды дамуы бұл екі елге де пайдасын алып келеді.

  4. Егер біз Украинамен жақсы экономикалық қарым-қатынасымыз жақсарса, онда бізге жақсы байланыстар ашылады. Қазір бізге экономикалық пайдалы байланыстар қажет-ақ. Әсіресе Еураопалық елдердің қолдауымен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз