Өскемен тұрғыны көшеде тыржалаңаш жүруінің себебін түсіндірді

1
350

Өскеменде іш киімдегі ер адам көшені судан тазартты. Еріген қар суы көлік қозғалысына кедергі келтірген соң жергілікті тұрғын ерекше қадамға барған.

Өскемен тұрғыны көшеде тыржалаңаш жүруінің себебін түсіндірдіОл іш киімге дейін шешініп, құдықтардың қақпағын ашты деп хабарлайды КТК арнасы.

Белгісіз азаматтың ерлігі бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарады. Ролик авторының айтуынша, оқиға ақпанның 29-ы күні болыпты. Жігіттің өзі автокөлік жүргізушісі болуы мүмкін. Коммуналшылардың сылбырлығына қарны ашқан ол көшені осылайша судан тазартуға талпыныпты.

Ал көше бүгінде құрғап қалған. Бұл шешініп судан тайынбаған жүргізушінің әрекетінен бе, әлде артынан келген коммуналшылар жұмысының нәтижесі ме, ол жағын тап басып айту қиын.

«Жер астындағы сорғыны ашқан кезімізде оның күйіп кеткенін байқадық. Пакет оратылып қалғандықтан ішкі механизмі істен шығыпты. Салдарынан су көшеге жайылған», – дейді  Өскемен қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов.

Дереккөз: КТК арнасы

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз