Дариға Назарбаеваның мәлімдемесінен кейін қазақстандықтар жаппай қытай тілін үйренуге кірісті

1
915

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның мәлімдемесінен кейін елімізде тұрғындардың қытай тілін үйренуге құлшынысы арта түсті. Тіл мамандарының пікірнше, 7 жылдан кейін әрбір үшінші қазақстандық қытай тілін білетін болады деп хабарлайды NUR.KZ порталы «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап.

Дариға Назарбаеваның мәлімдемесінен кейін қазақстандықтар жаппай қытай тілін үйренуге кірістіЖақында премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева қытай тілін үйренудің маңыздылығын сөз еткен болатын.

«Бүгінде біз балаларымызға кем дегенде үш тіл үйретуіміз керек (қазақ, орыс, ағылшын). Жақын болашақта біздерге қытай тілін білу керек болады. Қытай – біздің жақын досымыз, ірі сауда-саттық әріптесіміз және ел экономикасындағы ең ірі инвестор», – деген еді Назарбаева.

Назарбаеваның бұл сөзінен кейін бір ғана Ақтөбенің өзінде қытай тілінің курсына қатысушылар саны екі есеге артқан.

Дариға Назарбаеваның мәлімдемесінен кейін қазақстандықтар жаппай қытай тілін үйренуге кірістіҚытай тілі курсын ашқан кәсіпкер Ю Лин 7 жылдан кейін әрбір үшінші қазақстандық қытай тілінде сөйлетініне сеніммен қарайды.

«Бұған дейін маған тек саяхат үшін тіл білгісі келетіндер жүгінетін. Алайда желтоқсаннан бері шенеуніктер мен ірі кәсіпорын басшылары да ағыла бастады. Тілді бір айда зерттеуге болады, ал үш айда аздап қытайша түсініп, сөйлей алатын боласыз. 7-8 жылдан кейін әрбір 3-ші ақтөбелік қытайша сөйлей алатын болады. Мен бұған сенімдімін», – дейді Ю Лин.

Ақтөбеде қытай тілін үйрететін өзге арнайы мектеп филиалының басшысы да қытай тіліне сұраныстың артқанын байқаған.

«Ақтөбеден жыл сайын Қытайға 50 студент оқу қуалап кетеді. Сұраныс жоғары болғандықтан, мектеп ашуды ұйғардық», – дейді мектеп филиалының басшысы Міржан Қарабасов.

Дариға Назарбаеваның мәлімдемесінен кейін қазақстандықтар жаппай қытай тілін үйренуге кірісті25 жастағы Міржан бала кезінен Қытай еліне қызыққан. Өзі аспанасты еліне оқуға түсе алмаса да, інісі түскен екен. Бүгінде Міржан өз арманын осы мектепте жүзеге асыруда.

Оқытушылардың бірі Нұри Аймағамбетова Қытайда білім алып, бүгінде аудармашы әрі мұғалім болып жұмыс істейді.

«Көбі қиын деп қашады, бірақ қиын түгі жоқ. Әліпбиі болмаса да, иеорглифтері жүйеге келтірілген. Оларды тек есте сақтай алсаң болғаны», – дейді ол.

2 500-ден астам иероглиф жаттап, тілдің 5-ші деңгейін алған Нұри курсқа балаларын мұнай саласында көргісі келетін ата-аналар жиі жүгінетінін байқаған.

«Балаларын курсқа жазатындардың деніне экономикалық фактор әсер еткен: қытай тілін білетін адам кейін мұнай саласында басшылық қызметте болу мүмкіндігін алады. Ал мұнай бар жерде – ақша да бар», – дейді Аймағамбетова.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

  1. Мұндай мәлімдеме жасау қате. Біз кім көрінгенге жалпақшешей болып кететін болдық.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз