Тергеу комитеті Мәскеуде 4 жасар қызды өлтірген әйелге ресми түрде айып тақты

0
343

 

Тергеу комитеті Өзбекстаннан келген Гүлчехра Бобокуловаға Мәскеудегі 4 жасар қыздың өліміне қатысты 4 наурызда ресми түрде айып тақты. Бұл туралы Пресненск сотында тергеуші мәлімдеді, – деп хабарлайдыРИА Новости.

Агенттік дереккөзінің мәліметінше, ол Мәскеудегі психиатриялық ауруханаға жіберіледі. РФ Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 2 бөлігі бойынша оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол енді 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеушілер әйелдің бұл іске не мақсатпен барғанын анықтауға ниетті. Дегенмен осыған дейін тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин әйелге ертеректе «шизофрения» диагнозы қойылғандықтан, мұны анықтау оңайға соқпайтынын айтқан болатын. Сонымен қатар, ол мұндай қылмысқа ауруы кенеттен асқынған адамның баратынын, сондықтан да оның бүлдіршінді не себепті өлтіргені туралы ақылға сыймайтын деректер келтіруі мүмкін екенін жеткізді.

Еске салайық 29 ақпанда 38 жастағы өзбек әйел Гүлчехра Бобокулова «Октябрьское поле» метро станциясының алдында ұсталған еді, әйелдің қолында қыздың кесілген басы болған, әйел өзін жарып жіберетінін айтқан. Народное Ополчение көшесінде орналасқан пәтерде бала бағушы өзі бағып отырған 4 жасар қызды аса қатыгездікпен өлтірген, кейін оқиға орнын өртеп, өзі қашып кеткен. Осыдан кейін ол метро станциясының алдына келіп, тұрған. Осы сәтте полицейлер оған жақындағанда әйел сөмкесінің ішінен бүлдіршіннің кесілген басын шығарып көрсетіп, өзін жарып жіберетінін айтқан.


Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/world_news/tergeu-komitet-maskeude-4-jasar-kyizdyi-oltrgen-ayelge-resmi-268348/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз