ДАИШ-тың Ирактағы ірі өкілі ұсталды

1
370

20ebebce74ece9000350b1b3d16f74c4-mhvwgyhgn5bvh4ed4pycyjpjxwz7gayplys3pkq1jq

New York Times басылымының хабарлауынша, АҚШ арнайы қызметі «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) экстремистік тобының Ирактағы маңызды мүшесін қолға түсірген. Бұл туралы e-islam.kz сайты жазды.

Газет Пентагонның аты-жөнін айтудан бас тартқан өкіліне сілтеме жасап, ұсталған адамның Ирактың солтүстігіндегі Идлиб провинциясында екенін, ол жерде оны АҚШ тергеушілері тергеп жатқанын хабарлады. Ұсталған ДАИШ мүшесінің аты-жөні жарияланбады, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Пентагон басылым ақпаратына қатысты түсінік беруден бас тартқанымен, кез-келген ДАИШ мүшесін ұстау әрекеті «қысқа мерзімде және ол Ирак билігімен бірге жасалатынын» айтты. Ирак және күрд басшылығы да түсінік беруден бас тартты. News York Times мәліметі бойынша, соңғы апталарда Иракқа арнайы мақсаттағы жасақтың 200 сарбазы жіберілген. Тағы 3 мың 900 америкалық әскери қызметкер Ирак армиясын ДАИШ-пен күреске дайындап жатыр.

http://ult.kz/?p=16444

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз