Айдын Айымбетов бөгде ғаламшарлықтардың барына сенімді

0
1152

Бүгін Алматыда Қазақстанның үшінші ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессор-оқытушы құрамымен кездескен болатын.

Айдын Айымбетов бөгде ғаламшарлықтардың барына сенімдіФото: BNews.kz

Кездесу барысында Айдын Ақанұлы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қызықты сұрақтардың бірі басқа ғаламшарлықтар туралы болды деп хабарлайды Қазақпарат.

«Менің жеке пікірім: біз бұл ғаламда жалғыз емеспіз. Мен бәрібір басқа ғаламшарлықтардың бар екендігіне және бір уақыттарда олармен кездесетіндігімізге сенемін», – деді ол.

Ал «Ғарышта анықталмаған, ұшып жүретін нысанды көрдіңіз бе?» деген сұраққа ол қалжыңдап: «Ғарышкерлер ұшу алдында құпияларды жарияламау туралы құжатқа қол қояды», – деп жауап берді.

Айта кетелік, кездесу барысында жоғары оқу орнының басшылығы А. Айымбетовты университеттің құрылымы, сондай-ақ, роботтық техника, радиохабар, авиация және басқа да салалардағы жетістіктер және жаңа зерттемелермен таныстырды.

Әсіресе, Айдын Ақанұлын роботтық техникалар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар қызықтырды.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз