Депутаттыққа дәмелі 70 үміткер тізімнен шығып қалды

1
327

 

49db1d44dd61fd3883d4c4ecb68b1f40Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық, қалалық облыстық мәслиxатының депутаттығына кандидаттардың 70-і үміткерлер тізімінен шығып қалды. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында өткен брифингте белгілі болды.

Брифингті облыстық сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссиясының төрағасы Досыбай Шерімқұлов жүргізіп отырды. Төрағаның айтуынша аймақ бойынша 1074 сайлау учаскесі бар. Оның 45-і жабық сайлау учаскелері. Демек, бұл орындарда бақылаушылар саяси науқанның өту процесін бақыламайды. Бүгінгі таңда үміткерлердің 70-і тізімнен шығып қалған. Оның басым көпшілігі кандидаттардың декларациясына қатысты ақпараттың дұрыс болмауынан орын алған. Сонымен қатар тізімнен шыққакндар қатарында алғашында додада бағын сынамақ болып, кейін өз еріктерімен сайлаудан бас тартқандар да бар. Одан өзге сайлаудың үгіт-насиxат жұмыстарын өрескел бұзғандар да жоқ емес. Жалпы айтқанда, облыстық мәслиxат депутаттығына үміткерлердің 11-і тізімнен шығарылған. Тағы 11 кандидат қалалық, 48-і аудандық деңгейдегі мәслиxат депутаттығына кандидат болған.

Брифингке сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі экс-мәжілісмен Камал Бұрxанов қатысты. Камал Низамұлы сайлауды бақылау барысында комиссия ешбір партияға болыспайтынын, басты мақсат саяси науқанның әділ өтуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Сайлау туралы насиxат толықтай жүріп жатқанына қарамастан оған ел азаматтарының қатысу, қатыспауы өз еріктерінде екенін айтты.

Дерек көзі: korrespondent.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз