
Президент Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Астана әкімі орынбасары қызметінен не үшін кеткенін түсіндірді, – деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Мен ұзақ жыл бизнеспен айналыстым. Жаңа қаржылық мәселелерді зерттеу мен жетілдіру, компанияның экономикалық әлеуетін арттыру – менің жаныма жағатын жұмыс екен. Сондықтан мен Астана әкімінің орынбасары лауазымынан кеттім. Енді бизнес саласында өзімнің сүйікті ісіммен айналысатын боламын», – дейді ол.
Н. Әлиев Астана әкімінің орынбасары лауазымына 2014 жылы тағайындалған болатын.
Кеше Н. Әлиевті қызметінен босату туралы Астана қаласы әкімінің өкімі шыққаны туралыжазған болатынбыз.