ТЕЛЕДЕБАТҚА ҚАТЫСҚАН САЯСАТКЕРЛЕР ОҒАН «ҰРАНДАР ЖАРЫСЫ» ДЕП БАҒА БЕРДІ

13
634

Бүгін кешке «Хабар» арнасынан көрсетілуі тиіс теледебатқа қатысқан саясаткерлер түсірілімнен соң піріксайыс туралы ойларын айтты, – деп хабарлайды «Қамшы» порталыTotal.kz – ке сілтеме жасап.

«Ақ жол» партиясының жетекшісі аталған шараны «ұрандар сайысы» деп бағалап, көңілі толмайтынын айтқан.

«Мұндай пікірсайыстың өткені дұрыс, әрине. Бірақ, мен үшін екі минут ішінде концептуалды дүниелерді айтып шығу оңайға соқпады. Өкінішке орай, мұнда концептуалды ойлар сайысы емес, жалпылама сөздер айтылған ұрандар сайысы болды. Бір жағынан бұл сайлау болған соң, адамдар ұрандарға мән береді деп ойлаған болу керек», – деген А. Перуашев мұндай шаралар «Бетпе-бет» форматында күн сайын өткізілуі керектігін айтады.

Комунистер өкілі В. Косарев болса, пікірсайысқа «қалыпты» деген баға берген. «Ауыл» партиясының жетекшісі Әли Бектаев та ұйымдастырылған пікірсайысқа көңілі толатынын айтқан.

Ал, «Бірлік» партиясының атынан сөз таластырған Роза Қуанышбаеваны жанындағылар пікірсайыстан соң «Журналистерге сұхбат беру мәселесі партия басшылығымен келісілмеген» деп алып кеткен.

ЖСДП өкілі Зәуреш Батталова болса, бұл бағдарламаның пікірсайыс форматына келмейтінін айтқан.

«Бұл дебат емес, таныстуры сөзіне көп келеді. Дебат деген жүйелі, тұрақты болып, қоғамның әр саласына қатысты мәселелерді көтеруі керек. Оған тек партия жетекшілері немесе өкілдері ғана емес, барлық ниет білдірушілер қатыса алуы керек қой. Оған спикерлер алдына маңызды мәселелер ұсынатын, сұрақтар қоя алатын көптеген азаматтар қатысуы тиіс емес пе?», – дейді З. Батталова.

Бүгін таңертең өткен теледебат түсіріліміне журналистер қатыспаған. Саясаткерлердің сөздерін БАҚ өкілдері ОКҚ залында экраннан тамашалаған. Журналистер регламент бойынша 90 минут өтеді делінген пікірсайыстың бар-жоғы 70 минутқа созылғанын айтуда.

«Қамшы» сілтейді

13 ПІКІРЛЕР

  1. Меніңше теледебаттар кімнің кім екенін көрсетті. Енді қазақстандықтарға таңдау жасау қиынға соқпайды деген ойдамын.

  2. Ең бастысы теледебатқа қатысқан саясаткерлер өз пікірлерін, бағдармаларын ұсынды, осындай пікірсайыс жие өткізу керек деген ойдамын

  3. Желаю партиям способным изменить ход экономического развития в стране войти в состав Парламента.

  4. Теледебаттар үмітерлердің мықты және осал жақтарын көрсете алды. Енді таңдау жасауға болады!

  5. Бул кисилер сайлауга тусетин кездеги урандарын гана дайындап койган ба, сенген серкелеримиз))

  6. Мен теледебатқа қолдау жасап отырғаным ол осы партиялықтар өз жұмыстарын халыққа жеткізе білуі деп есептеймін.

  7. Теледебат өте керемет ұйымдастырып сайлаушыларға сенім береді кімге немесе қайсы партияға дауыс беруініне.

  8. Халыктын камын жейтин кисилерди тандау оз колымызда емес пе? Ен бастысы сайлаудан калып койманыздар

  9. Партия өкілдері өздерінің бағыттарын айтып өтті, енді халық өз таңдауын жасайды

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз