Екі кейуананы зейнетақысына бола аяусыз өлтіріп кетті

1
244

Қарағанды облысында 72 және 80 жастағы екі кейуана зейнетақысына бола аяусыз өлтірілді деп хабарлайды NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында екі кейуананы зейнетақысына бола аяусыз өлтіріп кеттіАқпанның аяғында 80 жастағы зейнеткер қылмыскердің құрбанына айналған. Кейуана зейнетақысын алып, банктен үйіне орала бергенде, оның соңынан аңдыған ер адам үйінің кіреберісінде оны бірнеше рет басынан балғамен ұрып өлтірген. Кейін әмиянындағы зейнетақысын алып, кете берген.

Күдікті банктің бейнебақылау камерасына түсіп қалып, құрықталған. Тергеу жүргізілуде.

Ал өзге 72 жастағы кейуана Құрылысшылар даңғылындағы пәтерінде өлі күйінде табылған. Оның мәйітін тапқан әпкесі полицейлерге хабар берген. Белгілі болғандай, зейнеткер бөтен адамға есік ашып, қылмыскер оған арқасынан пышақ сұққан. Ер адам кейуананың 30 мың теңге зейнетақысын қолды еткен.

Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз