Қазақстандық бойжеткендер 300 мың теңгеге басшының көмекшісі әрі көңілдесі болуға ашық келіседі (видео)

1
633

Қазақстандықтар бойжеткендер күн көріс қамы үшін басшының оң қолы болып қана қоймай, тіпті оның көңілдесі болуға ашықтан-ашық келіседі екен. Тіпті, олар ондай қызметі үшін қанша жалақысы алғысы келетінін де жасырмаған деп жазады Корресподент басылымы.

Қазақстандық бойжеткендер 300 мың теңгеге басшының көмекшісі әрі көңілдесі болуға ашық келіседі (видео)Ғаламторда жұмыс іздеп келген қыздармен болған алдын ала әңгемелесу барысының видеосы пайда болды. Онда әйел азаматы жұмыс іздеп келген жастармен жеке сөйлесіп, 50 жастан асқан басшысына көмекші қажет екенін және ол қызметкер басшымен бірге іссапарларға шығып, тіпті көңілдесі болу керектігін айтады. Ал жалақыны жұмыс іздеп келушінің өзі белгілеуін сұрайды.

Бір қызығы, қыздардың кейбірі өз қызметіне 250-300 мың теңге жалақы жеткілікті деп санайды екен. Әңгімелесуге тек қыздар қатыспаған. Жігіттер қауымы өз арын жоғары қоятын болып шығады. Жұмыс іздеп келген жігіт басшының көңілдесі болудан үзілді-кесілді қарсы болған. Тіпті ол жұмыс ұсынушы тараптың  миллион теңге көлеміндегі жалақы мен пәтер, көлік береміз деген ұсынысынан да бас тартқан.

Видеоны жүктегендердің мәліметінше, олар қазақстандық жастардың басшыларымен интимдік қатынасқа деген көзқарастарын білу мақсатында әлеуметтік эксперимент жасап көріпті. Нәтижесінде әңгімелесуге келген 25 жастың 60 пайызы жұмыс беруші тараптың талабымен келіскен.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз